26
Қараша

«Ақ жол» партиясының филиалына жаңа төраға сайланды

 

26 қараша 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы

Ағымдағы жылғы 23 қарашада «Ақ жол» демократиялық партиясының Қызылорда облыстық филиалының есеп беру және партияның XIV Съезіне делегаттар сайлау конференциясы өтті. Партия жұмысын одан әрі жетілдіру жөніндегі пікірлерін ортаға салған «ақжолдықтар» Жорабек Пірмановты облыстық филиалдың жаңа төрағасы етіп сайлады.

           

Конференция жұмысына ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, фракцияның мүшесі – Кеңес Әбсатиров, партияның Орталық Кеңесінің хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов және филиал ардагерлері мен белсенділері, орта және шағын кәсіп өкілдері, жастар мен студенттер қатысты.

Мәжіліс депутаты Кеңес Әбсатиров ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстанның жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыруға бағытталған Жолдауымен таныстырды және Мәжілістегі партия фракциясының және депутат ретінде атқарып жатқан жұмыстарына, оның ішінде заң шығармашылығы қызметі мен фракция мүшелерінің көтеріп жүрген проблемалық мәселелеріне кеңінен тоқталып өтті.

Сонымен қатар, конференция делегаттары тарапынан берілген келелі ұсыныстарды қабылдап, қойылған сауалдарға нақты дәлелдермен негізделген жауаптар берді.

           

Әрі қарай облыстық филиал төрағасының міндетін атқарушы Шарбану Есекеева облыстық филиалдың 2018 жылдағы атқарған жұмыстары мен қол жеткізген жетістіктері туралы, облыс көлемінде өткізіліп жатқан саяси-әлеуметтік іс-шаралар, сондай-ақ обыстық филиалдың қоғамдық қабылдауына жүгінген азаматтардың арыз-шағымдары бойынша жүргізілген жұмыстар туралы баяндама жасады.

Конференцияның күн тәртібіне сәйкес делегаттардың ұсынысы бойынша облыстық филиалдың төрағасы болып Жорабек Әкімбекұлы Прманов сайланды. Төраға орынбасарлары болып Есекеева Шарбану мен Беркімбаев Мейрамбек сайланды.

Сондай-ақ, партияның XIV Съезіне  облыстық филиалдан төрт  делегат сайланып, партия белсенділеріне алғыс хаттар мен партия қатарына кірген азаматтарға партия билеттері табысталды.

Жорабек Әкімбекұлы Прманов – 1970 жылы 3 қазанда Қызылорда облысы Тасбөгет ауылында дүниеге келген. Отбасылы, 4 ұл-қыз тәрбиелеп отыр. 1988-1993 жылдары Қазақ мемлекеттік экономикалық университетін, 2003-2005 жылдары қазақ мемлекеттің заң университетінде жоғары білім алған. Қазіргі таңда «Ауыл шаруашылығы өндірісінің кооперативі» Қауымдастығының және «Бірлік» фермерлік шаруашылығының төрағасы, «ФинПомощь» ЖШС-нің директоры қызметін атқарады.