16 желтоқсан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалы
Әскери үрмелі аспаптар оркестрінің орындауындағы салтанатты музыканың сүйемелдеуімен «Ақ жол» ҚДП Алматы қалалық филиалының Кеңес мүшелері Республика алаңында Тәуелсіздіктің басты символына гүл шоқтарын қойды.
«Ұлттық тәуелсіздік - Қазақстанның прогрессивті дамуының, елдің бірлігі мен гүлденуінің негізі әрі басты құндылығымыз. Алматы шын мәнінде «тәуелсіздік бесігі» болып саналады: мұнда тәуелсіз Қазақстанның қалыптасуында айрықша рөл атқарған маңызды шешімдер қабылданған», - деп атап өтті «Ақ жол» партиясының Алматы қалалық филиалының төрағасы Нұрлан Жазылбеков.
Іс-шара аясында Алматы облыстық гарнизонының әскери қызметшілепрі салтанатты шараға қатысушылар алдында салтанатты маршпен жүріп өтті.
Салтанатты шараға қалалық басшылығы, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасына қатысушылар, жастар ұйымдары, сондай-ақ қала тұрғындары қатысты.