27
Желтоқсан

Қызылорда облыстық филиалында «Ақ жол» партиясының белді мүшесі Тұрлыбек Шаназаров «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды

27 желтоқсан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы

2018 жылдың 26 желтоқсаны күні Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының тұрғыны, партия мүшесі, кенші Шаназаров Тұрлыбекке «Ақ жол» ҚДП ұсынысымен  мемлекеттік награда «Еңбек ардагері» медалі табысталды.

         

Медальды филиал төрағасының орынбасарлары Ш. Есекеева мен М. Беркімбаев және Облыстық Кеңес хатшысы С. Сүлейменов табыстап, партия  ардагерінің иығына қазақ салтымен  шапан жауып, қарт ардагерге партия атынан құттықтауларын жеткізді.

         

82 жастағы Шаназаров Тұрлыбек атайдың  жас ерекшелігін ескере отырып, марапаттау рәсімі қарт ардагердің  шаңырағында өтті. Оған туған-туыстары мен достары, партиялық үзеңгілес әріптестері қатысты.

         

Өз кезегінде Шаназаров Тұрлыбек еңбек жолында кездескен қиындықтар мен қол жеткізген жетістіктері туралы айта келе,  «Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы» тарапынан 35 жыл жасаған тынымсыз еңбегін елеп, «Еңбек ардагері» мемлекеттік наградасына ұсынылып, омырауына медаль таққанына алғысын айтып, батасын берді.