29
Желтоқсан

Ақмолалық құрылысшылар марапатталды

29 желтоқсан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Жаңа жылдың қарсаңында «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалында бір топ құрылысшы арнайы Елорда мен Қазақстанның өңірлеріндегі елеулі еңбектері үшін партия төрағасы Азат Перуашев қол қойған «Еңбегі үшін» медалдарымен марапатталды.

            

Бұл рәсімді өткізген облыстық филиал төрағасы Бақыт Смағұл барша марапат иелерін шын жүректен құттықтап, ел мүддесі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі. Мұндай марапат алғандар қатарында Көкшетау қаласында еңселі ғимараттар салатын Ғалымжан Копишев, Әділбек Ғабдуллин,  Мақсат Жақыпов, Дәурен Жарылғасов, Манат Мусин сынды компания басшылары бар. 

              

Өз кезегінде марапатқа ие болғандар партия атына өздерінің ризашылықтарын білдірді. Соңғы уақыттары бизнес мүддесін қорғауда ерекше белсенді биіктен көрініп жүрген Парламенттегі «Ақ жол» фракциясының жұмысына да жақсы баға берді.