29
Желтоқсан

«Ақ жол» партиясы Қызылорда облыстық филиалында құрылыс саласының мамандары марапатталды

29 желтоқсан 2018 жыл, «Ақ жол» ҚДП Қызылорда облыстық филиалы

2018 жылдың 29 желтоқсаны күні Қызылорда облыстық филиалының төрағасы Жорабек Әкімбекұлы Астана қаласының 20 жылдық мерейтойына «Ақ жол» партиясының арнайы шығарған «Еңбегі үшін» медалімен аймақтағы құрылыс саласының мамандарын марапаттады.

            

Филиал төрағасы облыс көлеміндегі құрылыс саласында еңбек етіп жүрген және құрылыс материалдарын шығаратын зауыт жұмысшыларын, сондай-ақ құрылыс мамандарын даярлайтын оқу орнының қызметкерлерін «Еңбегі үшін» мерекелік медальімен марапаттап, келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтап, Жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті.

           

Өз кезегінде марапат иелері жасап жатқан еңбектерінің «Ақ жол» партиясы тарапынан еленіп, медаль алу құрметіне лайықты деп тапқандары үшін партия басшылығына шын жүректен алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта филиал жұмысына сәттілік тіледі.