4 ақпан 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова «Ақ жол» партиясының Ақмола облыстық филиалында болып партияның өңірдегі өкілдерімен кездесті.Шара барысында Елбасы жүктеген Жолдаудағы міндеттер жайлы өзара пікір алмасты.
«Ақ жол» партиясы Ақмола облысы филиалының төрағасы Бақыт Смағұл өткен жылы «Астанаға 20 жыл» мерейтойына орай арнайы шығарылған «Еңбегі үшін» медалін құрылыс саласында қызмет атқаратын жұмысшыларды марапаттауды ұсынды.
Өңірде қаланың көркеюіне біршама зор үлесін қосып жүрген «Сауда пласт» ЖШС «GreenWhich» бизнес-орталықтары мен қонақүйлерін, басқа да іргелі құрылыс нысандарын салса, «Колорит Строй» ЖШС-і тоғыз қабатты және бес қабатты бірнеше тұрғын үйлерді көкшетаулықтардың пайдалануына беріп ел алғысына бөленген. Аталған құрылыс компанияларында жылдар бойы еңбек атқарып келе жатқан құрылысшылар – Болат Сыздықов, Самат Кәкенов аталған медалмен марапатталды.