31
Қантар

Санат жоқ 31.01.2019

Депутат Ақмола облысындағы «Ақ жол» партиясы активімен кездесті

31 қаңтар 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы

Парламент Мәжілісінің депутаты Меруерт Қазбекова өңірдегі алғашқы сапарын ақмолалық партия активімен кездесуден бастады.

           

Шара барысында депутат «Ақ жол» партиясы фракциясының атқарған жұмыстары жөнінде әңгімелеп берді. Сондай-ақ, халық қалаулысы осы жылы жоспарланған «Ақ жол» партиясы фракциясының Парламентте жүргізетін жұмыстарын атап өтті.

Әңгіме кезінде облыстағы партия өкілдері өңірдегі мәселелер жөнінде пікірлерін білдірді. Депутат сапар барысында Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында көтерілген мәселелер жөнінде тілге тиек етті. Әсіресе, Жолдауға сәйкес елдің шағын және орта бизнес саласындағы дамуына баса назар аударылатыны, коммуналдық салада баға тұрақтылығын қамтамасыз етуге көңіл бөлінетіні жөнінде атап көрсетті.

Халық қалаулысы сапар барысында осы мәселелердің қаншалықты орындалып жатқанына назар аудармақ.