10.04.2019жыл.
«Ақ жол» демократиялық партиясы Орталық кеңесінің төралқасы мен партияның Мәжілістегі фракциясының бірлескен отырысында либералдық құндылықтарды сақтағаны үшін Президент Қ.Тоқаевқа партия төрағасы А.Перуашев өзінің ризашылығын білдірді.
Отырысқа қатысқан барлық «ақжолдықтар» Мемлекет басшысының кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімін қолдайтындарын білдірді. «Қ.Тоқаевтың кезектен тыс сайлау өткізу туралы Үндеуі белсенді қоғамдық аренадан ашық айтылды. Әрине ол өзінің қызметінде келесі сайлау мерзімі келгенге дейін отыра беруіне болатын еді. Бұл барлық елдерде болатын дәстүрлі норма. Соған қарамай Президент кезектен тыс жалпыхалықтық сайлау өткізу туралы шешім қабылдап отыр және оның ашық, әділетті өтетініне кепілдік берді. Осы шешімі үшін біздің демократиялық партиямыз оған ризашылығын білдіреді», деді өзінің сөзінде А.Перуашев.
Сонымен бірге отырыста кезектен тыс президенттік сайлауға «Ақ жолдың» түсуі және үміткерді анықтауы партия съезінің құзыретіндегі мәселе екендігі айтылды. Демократияның қағидаттарына сәйкес кез келген делегат өзінің кандидатурасын президенттікке үміткер ретінде ұсына алады. Одан әрі партия көшбасшысы қайсы үміткердің жеңетінін съезд анықтайды деген пікірлерін ортаға салды.
Осыған байланысты делегаттарды сайлау және оларды ұсыну нормаларын анықтау үшін партияның Орталық кеңесі алдымыздағы сенбі, 13 сәуір күні пленум өткізу туралы шешім қабылдады.
Дереккөз: https://egemen.kz/article