22 сәуір 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясының атынан өздерінің кандидатураларын ұсынған президенттікке үміткерлер қатарына Мәжілістің 5 және 6 шақырылымының депуттаттары қосылды – банкир, ақтөбелік Дания Еспаева және Нұр-Сұлтан қаласындағы Қазақстан Құрылысшылар одағының басшысы Талғат Ерғалиев. Олар да өздерінің кандидатураларын қолдауды сұрап партияластарына арнайы бейнеүндеу жолдады.
Еске сала кетейік, партияның сайлауға қатысуы және үміткерлерді ұсыну туралы шешім осы жылдың 24 сәуірінде өтетін съезде қабылданады. 13 сәуірдегі «Ақ жол» Орталық кеңесінің пленумы президенттік сайлауға үміткерлерді анықтай алмады.
Бұдан бұрын партия мүшелеріне өздерінің үндеулерін Өскемен қалалық мәслихатының депутаты Қуат Рахимбердин және Тараз қалалық мәслихат депутаты Асан Қошмамбетов, Атыраудан Серік Ерубаев, сондай-ақ өзінің шешімі жөнінде 13 сәуір күні өткен Орталық Кеңестің пленумында мәлімдеген белгілі заңгер Евгений Кинцель де жолдаған болатын.
Бүгін Дания Еспаеваның (Мәжіліс депутаты, Ақтөбедегі ең ірі банктердің филиалдарын бірнеше жылдар бойы басқарған) және Талғат Ерғалиевтің (Мәжілістің 5 шақырылымының депутаты, Қазақстан Құрылысшылар одағының төрағасы) бейнеүндеулері жарияланды.
Партияның заң қызметінің хабарлауынша, үміткерлердің кандидатураларын ұсыну тізімі осымен тәмамдалды.
Обращение Т.Ергалиева