12
Мамыр

Дания Еспаеваның Республикалық штабы 13 мамыр күнгі кездесуді Талдықорған қаласында өткізеді

Пресс-анонс

Дания Еспаеваның Республикалық штабы 13 мамыр күні кездесуді Талдықорған қ. өткізеді. Алғашқы жартыкүндіктегі кездесу ірі отандық аккумулятор өндірушісі - «АКБ «Қайнар» АҚ ұжымымен болмақ.

Күннің екінші жартысында кездесу «Нұр Авиценум» емханасының қызметкерлерімен өтеді.

«АКБ «Қайнар» АҚ кездесудің басталу уақыты: 10.00, мекенжайы: Талдықорған қ., Медеу көш., 1.

«Нұр Авиценум» емханасындағы кездесудің басталу уақыты: 12.00, мекенжайы: Талдықорған қ., Ескелді би көш., 224.

Іс-шараға Азат Перуашев бастаған Дания Еспаеваның Республикалық штабының мүшелері, «Ақ жол» партиясының белсенділері, кәсіпкерлер мен БАҚ өкілдері қатысады.

Байланыс үшін: 8702 902 0262 Мейраш Шынасилова