Парламент Мәжілісінің депутаты Алмас Тұртаев Ақтөбе қаласына іс-сапармен келді
2014 жылдың 4 шілдесі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
Шілде айының 2-4 аралығында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Парламенттегі «АҚ ЖОЛ» ҚДП –сы фракциясының мүшесі Алмас Тұртаев Ақтөбе қаласына іс-сапармен келді. Депутат жұмыс жоспарын «АҚ ЖОЛ» ҚДП-сы Ақтөбе облыстық филиалы кеңсесінде азаматттарды жеке сұрақтармен қабылдаудан бастады. Бұл шараға өздерін мазалап жүрген проблемалар бойынша қала тұрғындары қатысып, халық қалаулысына өз арыз шағымдарын жазбаша түрде тапсыра алды. Түстен кейін депутат қаладағы «Хабар сервис» ЖШС жұмысшыларымен кездесті. Кездесуде жұмысшылар депутатты жылы қабылдады. Содан кейін Алмас Тұртаев Ақ жол партиясына өткен бірнеше жұмысшыға партбилеттерді өз қолымен табыстады. Салтанатты рәсімде сөз алған депутат жұмысшыларға сәт сапар тілеп, ризашылығын білдірді. «Хабар сервис» ЖШС-де болған кезінде Алмас Тұртаев мұнда жеті бірдей газет басылып шығатын баспахананы аралап көрді. Бұл басқосудан соң депутат Оңтүстік Батыс ауданында тұрғындармен кездесті. Аудандағы орта мектеп ғимаратында өткен кездесуде де тұрғындар жекелеген сұрақтарына жауап алуға тырысты. Парламент депутатына мәлім болғаны мұндағы халық өздері сайлаған облыстық қалалық мәслихаттардың депутаттарын көрмеген болып шықты. Депутаттар сайлануын сайланып алып, халықпен етене араласып, жұмыс жүргізбеген екен. Тіпті тұрғындар сайланған депутатты сайлауға дейін де, сайлаудан кейін де көрмегендерін де жеткізді. Дәл осындай кездесулер 4 шілде күні Қарғалы селолық округі мен Благодар селолық округтерінде де жалғасты.
Екі күн бойы халықпен бетпе бет жүздесіп, мән жайға қаныққан Парламент депутаты 4-ші шілде күні «Рика» телеарнасының кешкілік бағдарламасына қатысып, сұхбат берді. Бұл жерде де көрермендер тікелей эфир арқылы өздерін толғандырып жүрген сұрақтар бойынша, депутатқа сауалдар қойып жатты. Сауалдардың дені тұрғын үй мәселесіне қатысты болды. Қаладағы Мирзоян ескерткішін алуға арналған сауалға депутат, бұл мәселені өзінің де қолдайтынын, «Ақ жол» ҚДП-сы фракциясының депутаттары бұл мәселеге атсалысатынын жеткізді.
Телекомпаниядағы кездесуден соң депутат қала орталығындағы “Н.Ә.Назарбаев атындағы” орталық саябақта қоғамдық ұйымдар жетекшілері, жастармен кездесіп, Қазақстанның болашағы туралы әңгіме қозғады.
Халықпен кездесулердегі мәселерді қортындылау мақсатында Алмас Тұртаев 4 шілде күні қала әкімі Ерхан Омаровпен кездесті. Ресми кездесуде халық қалаулысы екі күн бойғы кездесуде қала халқының берген жазбаша арыз-шағымдарын шахар басшысына табыстады.