14 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» ҚДП Ақмола облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан үміткер Дания Еспаеваның сайлауалды штабы Ақмола облысының Ерейментау ауданында үгіт кездесуін өткізді.
Азат Перуашев жетекшілігіндегі үгіт тобының сыртқы отырысына Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев, «Ақ жол» партиясы төрағасының орынбасарлары Қазыбек Иса мен Дмитрий Васильев, орталық қызмет хатшысы Асылхан Қожахметов және штабтың өзге де мүшелері қатысты.
Республикалық штабтың жетекшісі Азат Перуашев агротехникалық колледжде оқытушылар мен сайлауда дауыс беру құқығына ие 18-ге толған студенттер үміткердің сайлауалды бағдарламысымен таныстырды. Колледжде болашақ фермер, құрылысшы, тігінші, темір ұсталары сабақ алады. Биыл колледж алғаш рет «Серпін» бағдарламасы бойынша болашақ талапкерлерді оңтүстік аймақтардан қабылдап алмақ. Жоспарда 60 адамдық жатақхананы кеңейтіп, жөндеу жұмыстарын жүргізу бар.
Колледжде 200-ге жyық студент білім алады. Олардың көбі жақын аймақтағы ауылдардан. Оқытушылардың сөзінше студенттерді бизнес бастамаларға оқытпайды, бірақ болашақты оны оқыту көзделген. Себебі әрбір жас адам өз ісін бастауы әбден мүмкін. Дания Еспаеваның сайлауалды бағдарламасын талқылау барысында осы жөнінде Азат Перуашев та айтып өтті. Оқытушылар мен студенттермен белсенді диалог өтті: жиналған қауымды әлеуметтік мәселелерден бастап, экология тақырыптарына дейінгі түрлі сауалдар мазалаған.
«Жұмыссыздық пен жұмысқа тұрғызу мәселелері бүгінгі күні өзекті. Осыған байланысты жұмыс іздеу міндетті емес екендігін, оның орнына өз жұмысыңызды ашуға болатыны туралы айттық. Біздің үміткердің сайлауалды бағдарламасында кәсіпкерлікті, оның ішінде ауыл шаруашылығы саласында, ашуға байланысты нақты ұсыныстар бар», - деді Азат Перуашев.
Сол күні Малтабар селосының сайлаушыларымен де кездесу өтті.
Жергілікті тұрғындардың басым бөлігі ауыл шаруашылығымен айналысады. Селода мал шаруашылығы жақсы дамыған. Ауыл тұрғындары бағдарламаның шағын және орта бизнесті, шағын фермерлік шаруалығын ынталандыру бойынша ұсыныстарына қолдау білдірді.