Пресс-анонс
17 мамыр күні «Ақ жол» партиясынан ҚР Президенттігіне үміткер Дания Еспаева Қостанай облысына жол тартады. Кездесу аймақтық штабтың ұйымдастыруымен өтіп, оған Мәжіліс депутаты Ерлан Барлыбаев, Республикалық штаб өкілдері қатысады.
Алғашқы жартыкүндікте сайлауалды үгіт тобы үміткермен бірге Алтынсарин ауданына барады. Онда аудан ауылдарын, «Темте» ӘКК соғымдық орнын, машино-тракторлық шеберханасын, «Олжа-Белявка» ЖШС, Селантьев орта мектебін аралап, сайлаушылармен кездесулері жоспарланған.
Екінші жартыкүндікте «СарыарқаАвтоПром» және «Агромашхолдинг» ЖШС ұжымдарымен кездесіп, М.Горький ат. мектеп-гимназиясына барады.
Іс-шараға Дания Еспаеваның штабының мүшелері, оның сенімді өкілдері, «Ақ жол» партиясының аймақтық белсенділері, БАҚ өкілдері қатысады.
Байланыс үшін: 8747 132 45 99 Дастан Жұмабаев