20
Мамыр

Дания Еспаеваның штабы Орал қаласында «Бұл біздің таңдау» атты жастар флеш-мобын өткізді

20 мамыр 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

Дания Еспаеваның штабы Орал қаласында «Бұл біздің таңдау» атты жастар флеш-мобын өткізді. Шара 19 мамыр күні қала орталығындағы «City Center» сауда орталығының алдында өтті.


Флеш-мобқа аграрлық-техникалық колледждің студенттері, «Ақ жол» партиясының жастар қанаты, Батыс Қазақстан облысының белсенді жастары қатысты.

Флеш-мобтан соң «Ақ жол» партиясы филиалының жастары қала тұрғындарына үгіт материалдарын таратты.