1 маусым 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы
Дания Еспаеваның штабы 1 маусым күні Балаларды қорғау күніне орай Орал қаласында байдарка мен каноэны есу бойынша біріншілік өткізді. Іс-шараға аймақтық штаб мүшелері, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық белсенділері қатысты.
Турнирде Түркістан, Алматы, Шымкент, Теміртау, Атырау, Орал сынды Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген 120-дан астам спортшы қатысты.
Жарыс 2 түрлі қашықтық бойынша өтеді:
Байдарка, бір адамдық каноэ, қашықтық 500 м, 200 м.
Байдарка, екі адамдық каноэ, қашықтық 500 м, 200 м.
Іс-шараны партияның облыстық филиалдың дамуына зор еңбек сіңірген, қоғам қайраткері Қайырдан Идиятовтың жары Роза Хатминюрқызы ашты.
Барлық қатысушалыр жақсы нәтиже көрсетіп, диплом, медальдармен марапатталды.
Құттықтау рәсімін 'Ақ жол' партиясының облыстық кеңесінің мүшесі, Батыс Қазасқтан облысындағы байдарка мен каноэ бойынша федерацияның президенті Ю.Казанин мен Орал қалалық мәслихатының депутаты В.Власов өткізді.
Шара соңында оралдық спортшылар 16 жүлде медаліне ие болды. Жеңімпаздар қатарында байдарка мен каноэдан республикалық жүлдегерлер мен жасөспірімдер арасындағы чемпионаттың жеңімпаздары бар: А.Жанболат, М.Мырзагелді, Е.Казанина, Е.Сорвина, М.Бравкова.
«Біздің жеңісіміз - үлкен еңбек пен жаттығулардың жемісі. Жастар - еліміздің болашағы, біз сіздер үшін демократиялық мемлекет құрып, сіздерге үлкен үміт артамыз», - деді өз сөзінде Валерий Власов.
Партия филиалы төрағасының орынбасары Рада Хайрушева жас спортшыларды Балалрды қорғау күнімен құттықтап, шараға қатысушыларына алда талай жеңіске жетуін тіледі.
«Ақ жол» партиясынан Президенттікке үміткер Дания Еспаеваның үгіт науқаны жалғасуда.