25
Қараша

Санат жоқ 25.11.2013

Ұлттық бизнесті қорғау – «Ақ жол» партиясында Қаржы министрлігінің басшылығының қатысуымен мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын талқылау өтті

25 қараша  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» партиясының орталық кеңсесінде партия төрағасы А.Перуашевтің, ҚДП парламенттік фракциясы депутаттарының, Кәсіпкерлердің ұлттық палатасының, ұлттық индустриалды палатасының, ірі өндіріс кәсіпорындарының өкілдері, сондай-ақ қаржы вице-министрі Б.Шолпанқұлов бастаған заң әзірлеушілер тобының қатысуымен мемлекеттік сатып алу туралы заң жобасын талқылау өтті.
Іс-шара «Ақ жолдың» өңірлік филиалдарының барлығының, сондай-ақ жергілікті кәсіпкерлер және бизнес-қауымдастық жетекшілерінің қатысуымен бейнеконференцбайланыс режімінде өтті.
Заң жобасымен заңнамадағы отандық кәсіпорындар үшін қазіргі мемлекеттік сатып алудағы жеңілдіктерді жоятын және  «жергілікті қамту» ұғымын алып тастайтын түзетулер қарастырылған.
«Бұл бастамалар қолданыстағы: «Әкiмшiлiк рәсiмдер туралы» (ел экономикасындағы қазақстандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн негiзсiз төмендетуге жол беретiн шешімдер қабылдауға тыйым салынуын белгілеген); «Ұлттық қауіпсіздігі туралы» (онда экономикалық қауiпсiздiк ел экономикасында отандық тауарларды өндіру мен қызмет көрсету үлесiн арттыруға бағытталған мемлекеттiк органдардың және лауазымды адамдардың шешімдерімен қамтамасыз етіледі деп белгіленген) заңдарына;  үдемелі индустриялық дамыту бағдарламасына (экономикада қазақстандық қамту үлесін - 87 %-ға дейін көбейту міндетін қойған) қайшы келеді, - деп атап өтті осыған байланысты А.Перуашев және Президенттің «Әлемнің барлық елдері өзінің өндірушілерін қолдайды» деген сөзін және қазақстандық тауар өндірушілерді қолдау шараларын жасау жөніндегі  Үкіметке тапсырмаларын еске салды.
Расында, заң жобасы шағын бизнестегі жеткізушілерге жеңілдіктер қарастырады. Алайда, бұл норма кәсіпкерлерді қуанта қоймады: «Шағын бизнес – бұл сауда-саттық, қызмет көрсету саласы және делдалдық қызмет. Егер де әңгіме өндірушілер туралы болса, онда орта бизнесті қосу керек. Бүгінгі таңда кез-келген саладағы қуаты жақсы өндірістік желісі 2-3 млн. доллар тұрады. Егер бұған ғимараттың, көліктің, жиһаздың құнын қосатын болсақ – онда бұл активтер шағын бизнестің өлшемдерінен де асып түседі».
Одан басқа, заң жобасының отандық кәсіпкерлерге қарсы жалпы бағыты кездесуге Петропавл, Павлодар, Ақтау, Өскемен, Қостанай, Шымкент, Көкшетау өндірістік кәсіпорындарынан келген қатысушылардың қатал сынына тап болды.
«Сіздер, Кедендік одақтың Келісім-шартының талаптарына және Белорусь және Ресейде әлдеқашан қабылданған тиісті заңдарға сілтеме жасайсыздар – деп атап өтті Ұлттық индустриалды палатасының төрағасы Тимур Нұғманов, - алайда белорусь заңы, керісінше мемлекеттік сатып алуда жергілікті тауарларға басымдылықты бекітті. Ресей заңы жеткізушілерді теңестіргендей болды, бірақ үкіметке қажет болған жағдайда бірқатар салаларда өз тауар өндірушілерін қорғау бойынша шаралар қабылдау құқығын қалдырды».
Өткір пікірталастың нәтижесінде, заң дайындаушылар отандық кәсіпкерлердің кейбір дәлелдерімен келісті және қалған талаптар бойынша толық түсніктеме беруге уәде берді. «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттары, ұлттық бизнеске жеңілдіктерді жоюды бұлтартпайтын дәлелдермен түсіндірмейінше, заң жобасының келесі талқылауларының барлығында да өз ұстанымдарын қорғап қалуға дайын екендерін мәлімдеді.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыруды және қазақстандық кәсіпкерлердің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.