19
Маусым

«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облысындағы өкілдері облыстық «Қазақстан – 2050» демократиялық күштері коалициясының президенттік сайлау нәтижелері бойынша отырысына қатысты

19 маусым 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

2019 жылдың 19 маусымында Батыс Қазақстан облыстық мәслихат ғимаратында бойынша облыстық «Қазақстан – 2050» демократиялық күштері коалициясының кезектен тыс президенттік сайлау нәтижелері бойынша отырысы өтті.

Алғашқы сөзді облыстық Коалиция төрағасы, «Нұр Отан» партиясының облыстық төрағасының бірінші орынбасары С.К. Сүлеймен алды.

Шараға «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының төрағасы орынбасары Р.Х. Хайрушева, «Нұр Отан», «Бірлік» сасяи партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, Қазақстан коммунистік халық партиясының өкілдері, кәсіподақ пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, БАҚ қатысты.

Отырыс барысында сайлау нәтижелері талқыланып, болашаққа жоспар, сайлау процесіндегі кемшіліктер мен бұзушылықтар туралы айтылды. Нәтижесінде жұмысты жалғастыру және бұл бағыттағы іс-шараларды одан әрі өткізе беру туралы шешім қабылданды.