20 маусым 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясы филиалының төраға орынбасары, БҚО медиаторлары байқауының жеңімпазы Рада Хайрушева медиация жөніндегі «дөңгелек үстелге» қатысты. 20 маусым күні Достық үйіндегі конференц-залда өткен аталмыш шараға сот, кәсіпкерлер палатасы, медиаторлар кеңесі, бизнес-қауымдастық, қоғамдық ұйымдарының өкілдері қатысты. «Дөңгелек үстел» барысында медаторлардың қатысуымен өтетін бітімгершілік келіссөздері мәселелері талқыланды.
Медиация – қоғамдық келісімнің әмбебап институты. Ол – тараптардың ерікті келісімі бойынша жүзеге асырылатын, олардың өзара қолайлы шешімге қол жеткізуі мақсатында медиатордың жәрдемдесуімен тараптар арасындағы дауды реттеу рәсімі.
Айта кетсек, «дөңгелек үстелдің» қатысушысы Рада Хайрушева - «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы төрағасының орынбасары, кәсіби медиатор, заңгер, БҚО медиаторлар байқауындағы «Халық таңдауы» номинациясының жеңімпазы, ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің медиация туралы заңнамасын жетілдіру жөніндегі жұмыс тобының мүшесі.
Талқылау барысында қатысушылар өз пікірлерімен бөлісіп, алдағы жұмыстар туралы шешім қабылдады.