25
Маусым

Санат жоқ 25.06.2019

«Ақ жол» партиясы Президиумының Арыс қаласындағы апатқа байланысты мәлімдемесі

2019 жылдың 24 маусымында Түркістан облысы Арыс қаласында қайғылы оқиғаның орын алғаны белгілі. Соның салдарынан екі адам қайтыс болып, көптеген адам жарақат алды, қаладағы ғимараттар мен құрылыс нысандарының көп бөлігі қирады.

Осыған байланысты, «Ақ жол» партиясы қайтыс болғандардың туыс-туғандарына көңіл айтып, жарақат алғандардың сауығып шығуына және қала, оның тұрғын үйлері, әлеуметтік нысандары мен инфрақұрылымының жақын арада қалпына келтірілуіне тілектестігін білдіреді.

Партиямыздың жетекшілері мен мүшелері тұрғындарды жақын маңдағы қала мен жергілікті аймақтарға көшіруде, оларды алғашқы қажеттегі тұрмыс заттарымен қамтамасыз етуде өз белсенділіктерін танытты.

Олар орын алған оқиғада партия мүшесі емес, қатардағы Қазақстан азаматы ретінде әрекет етті.

Басқа түскен қайғылы оқиға барлығымызды, бір елдің азаматтарын біріктіруде.

Әр қазақ – менің жалғызым – бұл сөздер саясаттан жоғары болуы тиіс.

Біз трагедия салдарымен күресу жолында әрі қарайғы жұмысымызды жалғастыра береміз.

Біз уәкілетті мемлекеттік органдардан аталмыш жағдайдан қорытынды шығарып, жарылыс қаупі бар әскери қоймаларды Арыс қаласының маңындағы аймақтардан ғана емес,  еліміздегі барлық қалалардың аумағынан алып тастауды, орналасқан қару-жарақтарды қауіпсіз жерде сақтау және оны жергілікті аймақтардан тыс жерлерде жою жұмыстарын ұйымдастыру мен реттеуді талап етеміз.