Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Парламент Мәжілісінің депутаты А.Ұ.Тұртаевтың сөйлеген сөзі
А. Тұртаев
Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде сөйлеген сөзінің тезистері
(Астана қаласы, 18.11.2013 ж.)
1. Елбасы 11 қазан 2013 жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сөйлеген сөзінде: «Бизнестің жол картасы-2020 бағдарламасы аясында несиелердің пайыздық мөлшерін субсидиялау жұмысы еліміздің 43 аудандары мен қалаларында жүргізілмеген. Сондай-ақ, Ақмола, Қарағанды, Шығыс-Қазақстан және Оңтүстік–Қазақстан облыстарында бірде–бір грант кәсіпкерлерге берілмегеніне» назар аударған еді.
Осы кемшіліктерді жоюдың орнына Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің вице-министрі ақпарат-құралдарында бағдарламаның сәтсіз болуы, бағдарламаға ірі кәсіпорындардың кіруі себеп, бүгінгі күні олар субцидиалаудан бас тартып, шағын несиелеу кепілдігіне өтуде деп мәлімдеп еді.
Бұл шындыққа жанаспайды!
Халықаралық өлшем бойынша біздің айтып жүрген «ірі» кәсіпорындарымыз орта бизнеске тиесілі. Бүгінгі күні құрылыс материалдары, тоқыма, азық-түлік өнеркәсібі сияқты кез-келген салада өндірістік желінің (линияның) құны– 2-3 миллион АҚШ долларын құрайды. Бұған ғимараттың құны мен басқа инфрақұрлымдардың (қойма, көлік, жиһаз сияқты т.б.) қосқанда – бұл активтердің құны шағын бизнестің критерилерінен асып кетеді.
Өндірістік қуаттары жоқ басқа кәсіпорындардың барлығы сауда немесе қызмет көрсетумен айналысады.
Өндіріспен айналысатын кәсіпорындарды емес, саудамен айналысатын кәсіпорындарды қолдау арқылы біз импортталатын тауарларды қолдаймыз. Өткен халықаралық қаржы дағдарысы кезінде, шағын бизнесті қолдау бағдарламасы аясында бөлінген қаржының 70 пайызы саудамен айналысатын кәсіпорындарға бөлінген еді. Сонымен біз өзіміздің қаражатымызбен шет елдің өндірушілерін қолдадық.
Бүгінгі күні бұрынғы нәтиже қайталанғалы тұр.
Біз отандық өндірушілерді, яғни-орта және ірі бизнесті қолдауды талап етіп отырмыз.
Несиелерді субсидиалаудан бас тарту арқылы біз бағдарламаның ең тиімді инструментінен бас тартамыз. Кез келген кәсіпкерден ең тиімді қолдау инструменті қандай деп сұрасақ - барлығы несиені субсидиалау деп айтар еді.
Несие үстемақысы жоғары болған кезде несиеге кепіл болудың қажеттілігі қанша? Бұндай жағдайды кәсіпкерлер қолдамайды.
Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің аталған ұсынысы Жол картасы бағдарламасын жүзеге асыру емес, бағдарламаға қатысқысы келетін кәсіпорындар санын қысқартуға бағытталған.
Шағын несиелеу жайлы біз көп айтқанбыз. Бұл қарапайым шаруашылықты қолдау көрсету арқылы, тек қана кедейшілікпен күресу құралы. Шағын қаражатқа үш-төрт сиыр ғана сатып алып, сүт сатуға болады. Алайда, өндірістік экономика және технологиялық жүйе құру мүмкін емес.
Шағын несиелеу Оңтүстік Азияда – Шри-Ланка, Пәкістан, Бангладеште миллиондаған жұмыссыздарды шаруаға тарту мақсатында пайда болған.
Бірақ та, бұл бизнес емес. Қарапайым шаруашылықтан салық алу мүмкін емес, сондай-ақ, адамдар зейнетақы қорларына аударымдар жасамайды.
Қашанда және қайда болса да, шағын несиелендірумен жеке мемлекеттік емес қорлар айналысады. Ал бізде оны мемлекеттік органдарға беріп қойған, сондықтан жемқорлық пен бопсалау жағдайы жиі кездеседі.
Ал «Бизнестің жол картасы» бағдарламасының міндеті – кәсіпкерлікті дамыту, яғни өнім өндіру арқылы өзгелерді жұмыспен қамтамасыз етіп, адал салық төлеп, дамып және кеңейіп отырған кәсіпкерлерді қолдау.
2) Баршаңызға мәлім, жақында Елбасы Үкіметтің зейнетақы реформасы бойынша жобасына вето қойып, Парламентке қайтарды.
Н.Назарбаев үкіметтен бұл реформада әлеуметтік салдарды төмендететін өзге де ұйымдастырушылық сұрақтардың шешілуін талап еткен.
Ағымдағы жылдың 8 сәуірінде өткен зейнетақы реформасын талқылау барысында «Ақ жол» ҚДП-ның фракциясы «Әйелдердің зейнет жасын ұлғайтуды, Үкіметтің нақты жұмыспен қамту шаралары дайын болғанда ғана қарастыруға болады. Әдетте «әйелдер» жұмыс істейтін салалар - тоқыма, тігін, азық- түлік өнеркәсіптері мен ауыл шаруашылығындағы жүздеген кәсіпорындарды дамытпайынша, мыңдаған жаңа жұмыс орындары пайда болмауынша – зейнетақы реформасы жүзеге аспайды»,- деп ресми мәлімдеді.
Осы ұстанымды партия төрағасы А.Перуашев 12 маусымда өткен Мәжілістің жалпы отырысында, Президент айтқан ескертпелер қарастырылған зейнетақы реформасы бойынша заң жобасын талқылау барысында растады.
Алайда «әйелдер» жұмыс істейтін саланы, ынталандыру шараларын енгізу, қосымша құн салығы (ҚҚС) мөлшерлемелерін төмендету арқылы қолдаудың орнына, Үдемелі индустриялық-инновациялық даму (ҮИИД) бағдарламасының басым салаларынан алып тастап, бүгінгі күнге дейін көрсеткен көмектерінен айыруды жоспарлап отыр.
Үкіметте бір қолы екінші қолының не істеп жатқанын білмегені ме? Бір қолымызбен әйелдердің зейнетке шығуына тосқауыл қоямыз, екіншісімен – оларды жұмыс орындарынан және күн көру көздерінен айырып отырмыз.
Бұл үкіметте топтық жұмыстың, қабылданған шешімдердің өзара байланысының және ортақтандырылған әлеуметтік-экономикалық саясаттың жоқ екенін көрсетеді.
3. Сондай-ақ, жағымды мысалдар да бар: 14 қараша 2013 жылы Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министірі - Болат Бидахметұлы Жәмішев осы жерде – брифингте - «Менжеке тұрғын үй құрылысы үшін -10 сотық жер телімін тегін беруге қарсы емеспін»,- деп мәлімдеген еді. Бұл мәселенің оң шешілуін Ақ жол фракциясы талап еткен еді. Жер телімін қайта сатуға тыйым салу дұрыс шешім. Бұл Үкімет тарапынан құр сөз болып қалмай, Ақ жол факциясының «Жер заңнамасына өзгерістер енгізу бойынша» заң жобасына берген ұсыныстарын қолдаса жаман болмас еді.
4. Қазіргі таңда Мәжілістің қарауына «Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің» жаңа редакциясы түсті. Заң жобасы аясында бірнеше жылдар бойы біздің дау-таластымыздың, өніміміздің арқасында «жалғанкәсіпкерлік» бабы алынып тасталынды. (бұрын бұл 192 бап еді).
Алайда, Үкімет, жаңа заң жобасын дайындаушылар «жалғанкәсіпкерлік» бабын кәсіпкерлер мен Ақ жол партиясы депутаттарының талабы бойынша алып тастағаны туралы мәлімдеуге қысылып отыр. Бұл мәселені біз Атамекен одағында жүрген кезден бастап көтерген едік.
Сондай-ақ, біз бірнеше-рет «жалғанкәсіпорындарды» құруды және қолдауды салық комитетінің қызметкерлері қолдайтыны туралы айтып және нақты мысал ретінде Оңтүстік-Қазақстан және Алматы қаласын көрсеткен едік.
Алайда, Үкімет заң жобасынан «Жалғанкәсіпкерлік» бабын алып тастағанымен, салық бойынша бересіні (недоиканы) алаяқтарға емес, қайтадан адал кәсіпкерлерге жүктеу тәртібін қалдырды.
Бұндай шикі шешім, шын мәнінде еш нәрсені шешпейді. Өкініштісі, Үкімет түсінікті және жеңіл қадамдар жасаудың орнына, осындай шикілік пен әлсіздікке жиі жол береді. Бізді бұндай ұстаным қанағаттандырмайды.
Үкіметке бастаған істі соңына дейін жеткізу керек, мемлекеттік органдар «Жалғанкәсіпкерлік»-тің бастапқы түсінігінің қателігіне көздері жетті. Енді оның мазмұнынан да бас тартып, жауапкершілікті тек қана алаяқтардың өздеріне жүктеу қажет. Біз, «Ақ жол» фракциясының депутаттары «жалғанкәсіпкерлік» мәселесін толық шешу мақсатында осындай ұсыныстар беріп, қол жеткізуге ұмтыламыз.