04
Шілде

Санат жоқ 04.07.2019

«Ақ жол» Зейнетақы қорындағы келесі алаяқтықты тексеруді талап етті

4 шілде 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының баспасөз қызметі

«Ақ жол» Зейнетақы қорындағы келесі алаяқтықты тексеруді талап еттіосындай хат бүгін ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары-Қаржы министрі Әлихан Самйыловқа жолданды. Сөз азаматтардың зейнетақы қорындағы ақшасын сақтау мен оның ашықтықтығы туралы қозғалды, себебі Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры құрылғаннан кейін, кейбір жекеменшік зейнетақы қорлары болашақ зейнеткерлердің ақшасын жұмсап, оларды қайтармағаны белгілі болды.

Мысалы, Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес (https://www.enpf.kz/ru/.about/press-center/media-about-fund/?ELEMENT_ID=2856), 2017 жылдың тамызында қор басшылығы төрт миллиард теңге сомасын қайтару бойынша мерзімін өткізіп алуға байланысты «Имсталькон» АҚ лауазымды тұлғаларын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп, құқық құрғау органдарына өтініш жазған. Іс ҚР Қаржы министрлігінің Экономикалық тексеріс департаментінде жатыр.

«Бұдан бері 2 жыл өткенімен, қоғам халықтың миллиардтаған ақшасы не болғаны, олардың тиіс деңгейде қолданылмауына кім жауапты екендігі және оның қайтарылымы жөнінде хабарсыз.

Мәселе зейнетақы қорының қаражаты – мемлекет шешімімен міндеттелген салымы жөнінде екенін қайталап өтейік, яғни мемлекет халық алдында жай жауапты ғана емес,  ол салымшыларға қор туралы толық әрі нақты ақпарат беруге міндетті», - делінеді хатта.

«Ақ жолдың» пікірінше, «Имсталькон» жөнінде тағы бір ескеретін жайт бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарына қарағанда, аты шулы іске компанияның үш негізгі акционерінің екеуі ғана күдікті деп танылған – директорлар кеңесінің төрағасы Серік Есмұқанов пен бас директор Владимир Кананыхин. Ал үшінші акционер Михаил Резунов әлі де құрылыс фирмасын басқаруда, яғни ақшаның жоғалуына байланысты еш қатысы жоқ деген сөз. Үшінші күдікті деп, экономикалық жоспарлау бөлімі басшысының орыбасары (басшысы да емес), яғни қол қою құқығы жоқ және материалды жауапкершілікке ие емес тұлға – Ирина Ковчегова танылуда. Осыған байланысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарының әділдігі күмән туғызады.

Сондай-ақ, «Имсталькон» АҚ-ның БЖЗҚ қаражатына байланысты айла әрекеті  туралы журналистердің мақаласы («Время» газеті) азаматтық сотта келісілген жоқ. Сот шешіміне сәйкес, компанияның лауазымды тұлғаларына байланысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған болып шықты!

Мынадай қызық жағдай орын алғанын көреміз: Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры БЖЗҚ салымшыларының құқығын қорғау талабымен құқық қорғау органдарына жүгінген, тергеу жұмыстары екі жылға созылуда, ал бұл мәселеге назар аударған журналистерді сот арқылы үндемеуге мәжбүрлейді.

Дегенмен олардың қойған сұрақтарына жауап берілуі тиіс. Және не себепті төрт миллиард теңгенің жойылуы туралы тергеу ісінің соншалықты созылып жатқаны түсініксіз, бұл Экономикалық тексеріс департаменті қызметкерлерінің сылбырлығы ма, әлде басқа да бір субъективті факторларға байланысты ма? Мүмкін іс БЖЗҚ қаражатының жоғалуына тікелей байланысты тұлғаларды келісілген мерзімінен босатып, келесі амнистияның күтілуінен шегереліп жатқан болар? Өкінішке қарай, қоғам осындай пікір де білдіруде.

Осыған байланысты, «Ақ жол» фракциясы Қаржы министрлігінен осы істің барысы туралы мынадай ақпараттарды сұрады: кімдерге айып тағылды; егер айып ешкімге тағылмаса, не себептен тағылмады; «Имсталькон» төрт миллиардтық қарызын Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорына қайтара ма.

Айта кететін жайт, «Ақ жолдың» бастамасымен 2017 жылы банкротқа ұшыраған Әзірбайжан банкінің бағалы қағаздарын сатып алуға БЖЗҚ қаржысы пайданғаны туралы алаяқтық іс әшкере болған-тын. Бұл оқиғадан соң, Перуашевтің әлеуметтік баспана салу туралы ұсыныстары БАҚ мен әлеуметтік желілерде бұрмаланып, «ақпараттық шабуыл» жасалған болатын.

«Ақ жол» партиясының депутаттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, шетелге заңсыз ақша шығарылуының алдын алуға, мемлекеттік органның басқаруындағы қаражаттың ұқыпты пайдалану бойынша жұмыстарын жалғастыруда.