04
Шілде

Санат жоқ 04.07.2019

«Ақ жол» Зейнетақы қорындағы келесі алаяқтықты тексеруді талап етті - ҚР Премьер-Министрінің Бірінші орынбасары - Қаржы министріне хат

ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары – ҚР Қаржы министрі
Ә.А. Смайыловқа

 

 

Құрметті Әлихан Асханұлы!

 

Соңғы жылдары азаматтардың зейнетақы қорын пайдалануының ашықтығы мен жариялылығы мәселесі өзекті болып келеді.

Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры құрылғаннан кейін, кейбір жекеменшік зейнетақы қорлары болашақ зейнеткерлердің ақшасын жұмсап, оларды қайтармайтыны туралы белгілі болды.

Мысалы, Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес (https://www.enpf.kz/ru/.about/press-center/media-about-fund/?ELEMENT_ID=2856), 2017 жылдың тамызында қор басшылығы төрт миллиард теңге сомасын қайтару бойынша мерзімін өткізіп алуға байланысты «Имсталькон» АҚ лауазымды тұлғаларын қылмыстық жауапкершілікке тартуды талап етіп, құқық құрғау органдарына өтініш жазған. Іс ҚР Қаржы министрлігінің Экономикалық тексеріс департаментінде жатыр.

Бұдан бері 2 жыл өткенімен, қоғам халықтың миллиардтаған ақшасы не болғаны, олардың тиіс деңгейде қолданылмауына кім жауапты екендігі және оның қайтарылымы жөнінде хабарсыз.

Мәселе зейнетақы қорының қаражаты – мемлекет шешімімен міндеттелген салымы жөнінде екенін қайталап өтейік, яғни мемлекет халық алдында жай жауапты ғана емес,  ол салымшыларға қор туралы толық әрі нақты ақпарат беруге міндетті.

«Имсталькон» жөнінде тағы бір ескеретін тұс бар. Бұқаралық ақпарат құралдарының жарияланымдарына қарағанда, аты шулы іске компанияның үш негізгі акционерінің екеуі ғана күдікті деп танылған – директорлар кеңесінің төрағасы Серік Есмұқанов пен бас директор Владимир Кананыхин. Ал үшінші акционер Михаил Резунов әлі де құрылыс фирмасын басқаруда, яғни ақшаның жоғалуына байланысты еш қатысы жоқ деген сөз. Үшінші күдікті деп, экономикалық жоспарлау бөлімі басшысының орыбасары (басшысы да емес), яғни қол қою құқығы жоқ және материалды жауапкершілікке ие емес тұлға – Ирина Ковчегова танылуда. Осыған байланысты жүргізіліп жатқан тергеу жұмыстарының әділдігіне күмән туындайды.

Сондай-ақ, «Имсталькон» АҚ-ның БЖЗҚ қаражатына байланысты айла әрекеті  туралы журналистердің мақаласы («Время» газеті) азаматтық сотта келісілген жоқ. Сот шешіміне сәйкес, компанияның лауазымды тұлғаларына байланысты ешқандай қылмыстық іс қозғалмаған болып шықты!

Мынадай қызық жағдай орын алғанын көреміз: Бірыңғай жинақтау зейнетақы қоры БЖЗҚ салымшыларының құқығын қорғау талабымен құқық қорғау органдарына жүгінген, тергеу жұмыстары екі жылға созылуда, ал бұл мәселеге назар аударған журналистерді сот арқылы үндемеуге мәжбүрлейді.

Дегенмен олардың қойған сұрақтарына жауап берілуі тиіс. Және не себепті төрт миллиард теңгенің жойылуы туралы тергеу ісінің соншалықты созылып жатқаны түсініксіз, бұл Экономикалық тексеріс департаменті қызметкерлерінің сылбырлығы ма, әлде басқа да бір субъективті факторларға байланысты ма?

Мүмкін іс БЖЗҚ қаражатының жоғалуына тікелей байланысты тұлғаларды келісілген мерзімінен босатып, келесі амнистияның күтілуінен шегереліп жатқан болар? Өкінішке қарай, қоғам осындай пікір де білдіруде.

Құрметті Әлихан Асханұлы! «Ақ жол» партиясының депутаттары сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске, шетелге заңсыз ақша шығарылуының алдын алуға, БЖЗҚ және Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры сынды мемлекеттік органдар мен бюджеттік емес қордың қаражатын ұқыпты пайдалану бойынша жұмыстарға бар күшін жұмсауда. Бұл жұмыстарда біз Парламент бақылауындағы заңды мүмкіндіктерді тұтас пайдаланып, мемлекеттік органдарға қажетті қолдауды көрсетіп келеміз және ары қарай көрсетеміз де.

Осыған орай, «Имсталькон» АҚ лауазымды тұлғаларының БЖЗҚ өтінішіне сәйкес тергеу ісінің барысы туралы мынадай ақпаратты беруіңізді сұраймыз:

-                     Акционерлер мен компания басшыларының ішінде кімдерге айып тағылған? Егер айып тағылмаған болса, не себепті тағылмады?

-                     Компания акционерлерінің екеуін күдікті деп танып, үшіншісін жауапкершіліктен босатқан тергеу не нәрсеге сүйенеді?

-                     Және де «Имсталькон» АҚ Бірыңғай жинақтау зейнетақы қорына қарыз төрт миллиард теңгесін қайтара ма?

 

 

Құрметпен,
ҚР Парламент Мәжілісіндегі «Ақ жол» партиясының депутаттары