9 шілде 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
«Ақ жол» партиясынан Парламент Мәжілісінің депутаты Кеңес Абсатиров 9 шілде күні Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапарымен Өскемен қаласында тұрғызылып жатқан «Азия Авто Қазақстан» зауытына барды.
Аталмыш жоба өндіріс, логистика, өнімді өткізу бойынша бірегей инфрақұрылымды қазақстандық-ресейлік жоба. Зауыттың қуаттылығы жылына 60 мың автокөлік өндіруге есептелген. Оның құрылысы үшін 321 млн. жоллар көлеміндегі инвестиция тартылды. Қазіргі уақытта құрылыс қалашағы керекті қойма, асхана, 800 орындық жатақханамен қамтылған. Мұнда уатып-сұрыптағыш кешен мен темірбетонды бұйымдар зауыты да орналасқан.
Бас директор Ержан Мандиев жобаның жүзеге асырылуында туындаған мәселелермен бөлісті. Атап айтсақ, 15 жылға дейін жеңілдіктердің сақталуы және дәнекерлеу мен бояу цехтарының құрылысын аяқтауға 108 млн доллар көлемінде несие алу.
Мандиев «Азия Авто» зауытында дайындалатын жаңа өнімдер–тіркемелер (ашық, жабық және пластикалық төбесімен) мен қар мен батпақта жүретін машиналар жайлы айтып берді. Айтар болсақ, зауыт 2018 жылы 204 тіркеме дайындаған, ал еліміз бойынша оның тапшылығы 3500 құрайды. Зауыттың келесі жаңалығы – премиум-кластағы күзет жүйесі, қашықтан қосу мүмкіндігі және т.б. функциялармен қамтылған «БИПЭК контакт» патенттелген жүйесі. Оның автоны қадағалау навигациялық жүйесінің арқасында жүйе қауіпті азайтуға мұршат береді. Қазіргі уақытта онымен шығарылатын автомобильдердің 70 %-ы жабдықталған.
Депутат автокөлік сапасын жақсарту бойынша тұтынушылардың ұсыныстарын айтып, «Тұтынушылардың құқығын қорғау» Заңындағы өзгертулер шеңберіндегі техникалық қиын тауарлардың жауапкершілігін әділ бөлу бойынша отандық автоөнеркәсіпке көмектесетіндігін жеткізді.
Депутаттың Шығыс Қазақстан облысындағы жұмыс сапары жалғасуда.