«Ақ жол»: Ресейлік кәдеге жарату алымы іс жүзінде РФ-на қазақстандық автокөліктер экспортының келешегіне балта шабады
20 қараша 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Ресейлік кәдеге жарату алымы іс жүзінде РФ-на қазақстандық автокөліктер экспортының келешегіне «балта шабады» - бұл мәселе «Ақ жол» фракциясының депутаттарымен Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанованың қатысуымен өткен парламенттік сағат барысында жарияланды.
Қазақстанның бірқатар ірі автоқұрастыру инвестициялық жобаларының өнімдері БЭК-тің жалпы нарығына бағдарланған. Алайда, а.ж. қазанында ресейлік заңға өзгертулер күшіне енді, оған сәйкес барлық автокөліктерге (ресейлік, импорттық) кәдеге жарату алымы салынатын болады, бірақ ресейлік өндірушілер үшін алымды субсидиялау жолымен толық өтеу қарастырылған.
Мысалы, Hyundai автобусын өндіруші - «Астана-Моторс» компаниясы. Белоруссияға экспорттық статистикасы бойынша: 2,5 мың автобустар шығарады, ол Калининградта дәл осындай Hyundai автобустарының өндірісі бар. Ресейге экспорттық статистикасы бойынша: 2 автокөлік апарылды, бірақ есепке де қойылмаған, себебі кәдеге жарату алымын төлеу қажет. Бағасы 25 мың доллар болғанда, алым 5 мың долларды, яғни – 20 % құрайды.
«Аллюр Авто» (Агромашхолдинг) компаниясы кәдеге жарату алымын енгізуге дейін Ресейге экспорттауға келешегі болған, құны 22 мың доллар тұратын жолсыз жерде жүретін Номадты шығарады,.
«Үкімет мұндай жағдайда, баршаны қамтитын прагматизммен және біздің компаниялардың мүдделеріне қысым жасауға төзбеушілікпен мұндай жағдайларға нақты әрекеттерді ойластыруы тиіс. Егер де біздің саудадағы серіктестеріміз біздің өнімдерге қасақана кедергілер жасайтын болса, онда бізде тура солай қимылдауға тиіспіз. Отандық бизнестің мүдделерін қорғауда «айна-қатесіз шаралар» және «ассиметриялықжауаптар» деп аталатындарды енгізу кәдімгі дағдыға айналуы керек, - деп есептейді «Ақжолда».
«Егерде кәдеге жарату алымы жөніндегі осындай айна қатесіз шараларын енгізу ДСҰ-на кіру бойынша келіссөздерге байланысты болмай отырса, онда Үкімет біздің экспортерлерді осыған ұқсас субсидиялауға, симметриялықжауаптар әзірлеуге және ресейлік субсидияландырылған автокөліктер үшін ашық тосқауыл құруға дайын ба? – деп М.Қазыбекова министр Ж.Айтжановаға қарады. Онда, «ақжолдықтардың» пікірінше қазақстандық автоөндірушілер импорттың орнын алмастырудың есебінен дамуына болар еді (ресейлік импортталатын авто 80 мың бірлікті құрайды).
Фракция депутаттары Үкімет ресейлік әріптестерін кәдеге жарату алымдарын соны шығарған елдің тәсілдемесі бойынша қолдануға көндіре алады деп үміттенеді.
«Ақ жолдың» депутаттары атап өткендей, алкогольді өнімдер нарығына кіру бөлігіне де осындай айна-қатесіз шараларын енгізу қажеттілігі пісіп жетілді – РФ-да өлшемі акциз мөлшерінен 3, құны өнімнің өзінен 2,5 есе асып түсетін алкогольді өнімдерді импортпен қамтамасыз ету талап етіледі.
«Ақ жол» ҚДП Парламенттік фракциясы сайлауалды тұғырнамасын іске асыру және қазақстандық бизнестің мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастыра береді.