10 шілде 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Кеңес Абсатиров Шығыс Қазақстан облысының ауыл тұрғындарымен кездесуде – 10 шілде күнінің екінші жартысы тамақ өнеркәсібі өкілдерімен өтті. Депутат облыстағы Глубоков ауданының ауылдарына барды.
Солнечное ауылындағы «ОХМК» ЖШС-дегі ірі қараның саны 3300 бас. Оларды сауу және қарау толығымен автоматты түрде жүргізіледі. Алынған сүт аймақтағы сүт өндіруші «Эмиль» АҚ жеткізіледі.
Мәжілісменмен кездесу барысында ЖШС директоры Мәулен Атаханов өнеркәсіптің негізгі проблемасы деп – электр энергиясы мен судың тапшылығын атады. Ол сүтті өнеркәсіптің одан әрі дамуына кедергі жасайды.
Тарханка ауылында «семена масличных» атты крестьяндық шаруашылықтың ұжымымен кездесу өтті. Әңгіме барысында, жұмыскерлер білім беру жүйесіндегі қателіктерді, балалардың жазғы демалысу өткізудің қымбаттылығын, аудан орталығының шалғайлығына байланысты денсаулық сақтау мәселелерін көтерді. Ауылда ауыл халқының саны 1717 адам болғанымен, фельдшерлік-акушерлік орыннан басқа дәрігер жоқ.
Күннің аяғында депутат құс етінен ет және шұжық өнімдерін өндіретін «Айтас МП» ЖШС болып қайтты. Кәсіпорынның облыстық энергетика басқармасының салынған желілерді өнеркәсіп тарапына беру жөнінде құзыреттілігі болмауынан жылумен қамту мәселесі бар.
Депутат «Ақ жол» фракциясының айтылған мәселелерді шешу үшін барлық күш салатынын айтты.