10
Шілде

Халық қалаулысы Никитинская Қостанай облысының Алтынсарин ауданындағы бірнеше объектілерге барды

10 шілде 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Қостанай облыстық филиалы

Екатерина Никитинская бірқатар Мәжіліс депутаттарымен бірге Қостанай облысының Алтынсарин ауданындағыбірнеше объектілерге барды. Депутатты Шоқай және Докучаево ауылдарына ауыз суды жүргізу жұмыстарымен таныстырды. Ауыл тұрғындары үшін ауыз су тапшы, олар  күз мезгілін күтуде. Себебі күзде мердігерлер әрбір үйге ауыз суды өткіземіз деп уәде берген. Депутаттар халықпен тілдескен соң, ауылдықтардың мәселелерін қарастыруға уәде берді.

Бұдан соң, халық қалаулары «Зуевка» ЖШС жұмысшыларымен кездесті.

Агроөнеркәсіптің жағдайы жақсы, биыл ауылдағы мектептің шатыр жөндеу жұмыстарын өткізді. Робототехника сыныбы үшін бір жарым миллион сомасына жабдық сатып алынды. Жергілікті оқушылар мәжілісмендерге күрделі бағдарламаларды игергенін көрсетіп, робот-трактор мен комбайндардың макеттерін ұсынды.

Депутат Никитинскаяның сайлаушылармен кездесуі жалғасуда.