19
Шілде

«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының Облыстық кеңесінің мүшесі Асқар Мерғалиев облыс мәслихатына қатысты

19 шілде 2019 жыл, «Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалы

«Ақ жол» партиясының Батыс Қазақстан облыстық филиалының Облыстық кеңесінің мүшесі Асқар Мерғалиев 2019 жылдың 19 шілдесінде облыс мәслихатының кезектен тыс 27-ші сессиясына қатысты. Күн тәртібінде келеседегідей мәселелер қарастырылды:

-  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2018 жылдың 14 желтоқсанындағы №21-2 «2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу;

- Облыстағы мемлекеттік қызметкер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс жасайтын денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт, орман шаруашылығы мен аса қорғалатын табиғи аумақтар лауазымдары бойынша мамандықтар тізімін келістіру;

-  «Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің құрамы туралы»;

-  Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2016 жылдың 10 маусымындағы №4-8 «Коммуналды меншік пен мемлекеттік-жекеменшік серіктестік жобаларға кіретін концессия объектілеріне байланысты комиссия құрамы туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.

Сессияға Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев қатысты. Облыс әкімі атқарушы органдардың басты міндеті – экономикаға инвестицияны тарту екенін атап өтті. Ол сондай-ақ, мемлекеттік бағдарлама бойынша тұрғызылып жатқан үйлерде жобалаушы мен мердігер тараптарынан кемшілік бар екенін айтты.

Сессия барысында депутат С. Мерғалиев күн тәртібіндегі мәселелер бойынша ойын ашық білдіріп, талқылауда белсенділік танытты.

Кезектен тыс сессияға аудан әкімдері, басқарма мен департамент басшылары қатысты.