10
Шілде

Санат жоқ 10.07.2014

ҰКП жанындағы сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар жөніндегі кеңес Азат Перуашевтің басшылығымен кезекті отырысын өткізді.

               2014 жылдың 10 шілдесі, «Ақ жол» ҚДП баспасөз қызметі
           Өткен аптаның соңында Азат Перуашев басқаратын ҰКП-сы сыбайлас жемқорлықпен және көлеңкелі экономикамен күрес жөніндегі кеңесінің кезекті отырысы болып өтті. 
Қарағандылық «Виста» ЖШС басшылығы ауыл шаруашылығы кәсіпорынының заңды құқын бұзушылық мәселелерін көтерді. Шаруашылық құлдырап кеткен еді және қарыздар төлеу есебінен алынған қаржыны аталған ЖШС-і қалпына келтірді – 2009 жылдан бастап «Виста» кәсіпорынға 100 млн-нан астам инвестиция салды. Бірақ мемлекеттік және сот органдарымен қабылданған шешімдерімен Қарағанды балықпитомнигі қалпына келтірілген және табысты ауылшаруашылық кәсіпорынының мүлкін иемденіп алды. Бұл мәселе бойынша Бас прокуратураға қабылданған сот шешімдері бойынша қарсылық енгізу туралы, сондай-ақ Қаржы полициясы Агентігіне мемлекеттік органдардың іс-әрекетінің заңдылығын тексеру жүргізу туралы хат жіберуге шешім қабылданды.     
              «ChemilagenbauChemnitzGmbh» компаниясының Қазақстанда жобалау жұмыстарын жүргізуге лицензия алуына Алматы қаласының мемлекеттік және архитектуралық-құрылыстық бақылау (МАҚБ) департаментінің лауазым иелерімен кедергілер жасалғаны туралы мәселе қаралды. Фирма Тенгизде, Қаламқаста ірі газмұнайхимиялық кешендерін, Алматыдағы инфузионды ерітінділер зауытын салуға қатысқан. «Казатомпроммен» бірлесіп 2010 жылы олармен кейінірек зауыттар салуға ұласқан бірлескен зерттеулер және жаңа технологиялар шығару үшін БК құрылды.  Бұл БК-да фирма Павлодар және Ақтау химиялық кластерлерін құруға жауапты болып тағайындалды.
              2004 жылы ҚР аумағында жобалауға лицензия алынған, 2012 жылдың қазанында фирмамен лицензияны жаңартуға өтініш беріліп, күрделілігі 1 санаттағы химиялық зауыттарды жобалау және салу құқығын алған. Бірақ МАҚБ қолданыстағы заңнамамен қарастырылмаған құжаттарды тапсыру шартымен өтініш қабылданбаған.
Аталған мәселены қарау кезінде өтініш иесі – фирма өкілдігіңің жетекшісі Н.Накк МАҚБ қызметкерлері келесі аптада лицензия беруге уәде бергенін айтып, мәселені күн тәртібінен алып тастауды сұрады. Алайда, МАҚБ қызметкерлерінің уәдесіне қарамастан, Кеңес Бас прокуратураға және Өңірлік даму министрлігіне лауазым иелерінің әрекетінің заңдылығы бойынша тексеру жүргізу талабымен шығуға шешім қабылдады.
Отырыста сондай-ақ «Аlageum Electric» ЖШС-нің «Элмо» ЖШС, Алагеум тобының кәсіпорыны қатысқан Урихтау кен орны сыртқы электржабдықтауына тендер өткізу кезінде ҚазМұнайГаздың еншілес кәсіпорыны «УрихтауОперейтинг» ЖШС-нің бұзушылықтары туралы өтінішін талқылады. Алғашында аталған тендер өткізілмеген болып танылды. Өтініш иесі атап өткендей, Ақтөбе облысының Қаржы полициясымен тендерлік комиссияға қысым көрсетілген, конкурс өткізу рәсімі аяқталмағанына қарамастан комиссия төрағасына қатысты қылмыстық іс қозғалған.  
Қорытындысында тапсырыс беруші «Урихтау  Оперейтинг» ЖШС өткізілмеген болып танылған конкурстың қорытындыларын қайта қараған, заңнамамен белгіленген рәсімдерді бұза отырып, өнім сертификатын көрсеткен қатысушыны жеңімпаз деп хабарлаған. Шын мәнінде оны өндіретін «Аlageum Electric» ЖШС-нің еншілес кәсіпорны – Кентау трансформатор зауыты бұл сертификатты өзінің бәсекелесіне бермеген, яғни сертификаттың өңін айналдыру орын алған. Ал аталмыш өнімді өндіруші ұтылады. Кеңес отырысына қатысқан Қаржы полициясы төрағасының орынбасары А.Боданов комиссия мүшелеріне қылмыстық іс қозғау қысым көрсету түрі болып табылмайды деп үзілді-кесілді қарсылық білдірді. Кеңеспен «Самұрық-Қазына контракт» ЖШС-іне, Қаржы полициясы агентігіне және Баспрокуратураға тиісті үндеухаттар жіберу туралы шешім қабылданды, өйткені, өтініш иесінің пікірі бойынша, өткізілген тендерде сыбайластық жемқорлық құқықбұзушылық белгілері бар. Сонымен бірге, жуырда өңірдегі сыбайлас жемқорлықтың жоғ,ары деңгейде болғаны үшін Ақтөбе облысы бойынша Қаржы полициясының басшысы – Ж.Сабыржанның орнынан босатылғаны мәлім болды.
Бюджеттік қаржыны тиімсіз игеру және  Маңғыстау облысы жергілікті атқару органдары лауазым иелерінің Түпқараған ауданы Ақшүкір ауылдық округының бірқатар елді мекендерін сумен жабдықтау жөніндегі жобаларды іске асырудың аяқталуына кедергілер келтіруі туралы мәселені талқылау барысында Кеңес мүшесі Н.Коржова мұны Қаржы министрлігі қабырғасында Қаржылық бақылау комитетінің өкілдерімен бірлесіп қарауды ұсынды. Шағымданушының ҚР Қаржы министрлігінің қызметкерлерімен кездесуінен кейін бюджет қаржысын тиімсіз жұмсау тұрғысынан тексеру қажеттілігі туралы ҚР Баспрокурорына хат жіберу туралы шешім қабылданды.
Кеңестің бірінші отырысының ұсынымдарын іске асыру бойынша қабылданған шаралар туралы ҰКП мемлекеттік сатып алулар департаменті директорының орынбасары А. Қоңыртаева хабарламамен сөйледі. Қабылданған шараларды қараудың қорытындысымен Баспрокуратура және қаржы полициясына бұрынғы өткен Кеңестің күн тәртібіндегі үш мәселе бойынша: IT колледжі мәселесі жөнінде; Риддер қаласындағы бюджеттік қаржысын жұмсау кезіндегі бұзушылықтар туралы; Ақтөбе облысындағы мемлекеттік сатып алуларды өткізу кезіндегі бұзушылықтар туралы  қайтадан сауалдар жіберу қажет деп шешілді.
Кеңесте қаралған проблемалардың барлығы – бұл жәй ғана кәсіпкерлердің құқықтарын бұзу емес, бізге жүгінгендердің пікірі бойынша, сыбайлас жемқорлықтың құрайтын – бопсалаушылық, пара беруге мәжбүрлеу секілді және тағы басқа да белгілер  болып табылады.   
 «Аталған нақты жағдайларды қарай келе, бізге тұтастай алғанда сыбайлас жемқорлықтыққа тосқауыл қоятын жүйелі шаралар жасауымыз керек», - деп атап өтті отырыс барысында Кеңес төрағасы Азат Перуашев. 
Отырысты бітіре отырып, Кеңес жетекшісі өзінің Швейцарияға сапары туралы хабарлама жасады – а.ж. 19 маусымында Азат Перуашев  Швейцария Конфедерациясы Парламентінің депутаттары алдында сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет туралы таныстырылыммен сөз сөйлеген. Швейцария тарапынан сөз сөйлеуге шақыру Швейцариялық Парламент депутаттары делегациясының 2014 жылғы мамыр айындағы Астанаға сапарынан кейін алынды, оның барысында олар Кеңестің бірінші отырысына қатысқан болатын. 
 «Қазіргі уақытта швейцариялық Парламенттің бейінді комитеті елдегі жоғары лауазымды шетелдік шенеуніктердің тегі күдік туғызатын қаражаттарын ауыстыруына тосқауыл қою жөніндегі заң жобасымен жұмыс жүргізуде.  Вице-спикер Марквальдер ханым бізді бұл заң жобасымен танысуға және өз ұсыныстарымызды беруге шақырды», - деп атап өтті А.Перуашев және өз кезегінде Кеңес мүшелерін бұл жұмысқа кірісуге шақырды.    

Сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар жөніндегі кеңес – ҚР сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар бойынша міндеттерді жедел және жүйелі шешу және сыбайлас жемқорлыққа және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимылдар жөніндегі проблемалық мәселелерді көпшілікке жариялау үшін құрылған ҚР КҰП-ның тұрақты қызмет ететін консультативтік кеңес органы. Кеңес құрамына Мәжіліс депутаттары, Бас прокуратура, Қаржы полициясы, Қаржы министрлігінің жетекшілері, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері кіреді.