11 шілде 2014 жыл, «Ақ жол» партиясының Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз қызметі.
2014 жылғы 11 шілде М.Өскінбаевт атындағы облыстық филормонияда Маңғыстау облысының әкімі А.Айдарбаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХVIII сессиясы болып өтті. Алдымен облыс әкімі сөз алып, өңірдегі экономикалық-әлеуметтік мәселелерге тоқталды. Сондай-ақ, болашақта бой көтеретін «Достық» үйінің құрылысы жөнінде тапсырмалар берілді. Одан әрі 20-дан астам этнос орталықтарының өкілдері сөз алып, бірқатар жетістіктері жөнінде айтып өтті. Келер жылғы өтетін ХIХ-шы сессияның жұмыс жоспары талқыланып, жасақталды. Шараның соңы түрлі ұлт өкілдерінің концерттік бағарламасына ұласты. Аталмыш шараға «Ақ жол» ҚДП Маңғыстау облыстық филиалының баспасөз хатшысы М.Жеткізгенова және партияның белсенді мүшелері К.Сержан, А.Қорғанбаевалар қатысып қайтты.