Азат Перуашев: Салық кодексіне ұсынылатын түзетулер қазақстандықтардың өмір сүру сапасының әлсіреуіне әкеп соғады
16 қыркүйек 2013 жыл «Ақ жол» ҚДП Баспасөз қызметі
Салық кодексіне ұсынылатын түзетулер қазақстандықтардың өмір сүру сапасының әлсіреуіне әкеп соғады – деді Азат Перуашев өткен бейсенбіде Мәжілістің салық салу мәселелері туралы заң жобасын таныстыру бойынша отырысында.
Ескерте кетейік, Үкімет депутаттарға ұсынатын ұсыныстарының арасында: жеке тұлғалардың пәтерлері 150 шаршы.метрден, жер үйлері 300 шаршы.метрден астам меншіктерге 3-есеге дейін салықты көтеру, «барынша ластасаң, сонша төлейсің» деген қағидамен 3-4 мың.текше.см көлемнен асатын көліктерге салық ставкаларын ұлғайту және т.б. қарастырылуда.
«Неге сіз, тұрғын үйде қанша адам тұратындығынан гөрі, тұрғылықты ауданын ғана есепке алып отырсыз? – деп таныстырылу барысында Азат Перуашев Ерболат Досаевқа сұрақ қойды. 150 шаршы.м деген 4-6 баласы бар отбасыға не болады? Қазақ отбасыларында үш ұрпақ: балалары мен әке-аналары ғана емес, сонымен бірге ата-әжелері де бірге өмір сүріп жатады. Астана мен Алматыда, облыстық орталықтарында туған-туысқандардың балалары да оқуға, не жұмыс істеуге келетіндері тағы бар. Неге осы мән-жайды ескермейсіз? Бүгіндері көпбалалық пен демографияны қолдау керектігін айтып жүрміз. Оларға көмектесудің орнына керісінше сіздердің көмектерінсіз аяқтарына тұрған мұндай отбасыларға қалайша меншік салығын 3-есеге көбейтеміз?!
А.Перуашев министрге Тұрғын үй құрылысын дамыту мен өмір сүру стандарттарының деңгейін жақсарту туралы Елбасының тапсырмаларын есіне салып өтті. «Сіз сапалы өмір сүруге ынталандырудың орнына кедейшілікке итермелеп, тұрғындарымызды қайтадан «хрушевкаларға» тығуды ұсынып отырсыз? «Ақ жол» фракциясының депутаттары кедейлерді азайту, ауқатты қазақстандық отбасыларды көбейту үшін табанды күресуде – деді депутат, - Тұрғын үй құрылысы, жақсы үйге сұраныс - бұл жұмыс орындары, бұл бюджетке салық түсіру, бұл құрылыс материалдарын өңдіру. Сонда сіз, іс-жүзінде осыларды қысқартуды ұсынып отырғаныңызды түсінесіз бе?»
Көлікке салынатын салықты ұлғайту туралы Азат Перуашев: «тікелей ресей автомобильдерінің мүддесін қорғау, оларда катализаторы бар болғандықтан атмосфераны ластауы нөлдің шамасындағы 3-литрлік «Мерседес» немесе «Тойоталарға» қарағанда көлемі шағын болғанымен, автомобильдерінің газ қалдықтарын шығаруы көп»,- деді. Оның пікірінше, үкімет экология үшін күрес дегенді желеу етіп, ресейлік емес өнімнен гөрі сапалы заманауи көліктерді сатып алушыларға шүйлігуде: «Біз Ресейдің қысымымен онсыз да сырттан келетін көліктерге әкелім баж алымын өсірдік. Ал, енді бұлардың мүдделерін одан әрі тықпаламай, өзіміздің азаматтарымыздың өз қаржыларына алғысы келетін таңдау құқықтарын қорғауымыз керек».
Перуашев қоғамда кең талқыланып жүрген көлік салығын оны жанар-жағармай материалдары акцизіне қосуға толық ауыстыратын тәжірибені зерттеуге шақырды: «Сол кезде біз шынымен де ауаны ластайтын шығыны көп экономикалық тиімсіз қозғалтқышы барларды көп төлетуге мәжбүрлейміз».
«Ақ жол» парламенттік фракциясы сайлауалды платформасының жүзеге асыру мен өз сайлаушыларының мүдделерін қорғау жұмысын жалғастырады.