«Ақ жол» Шығыс Қазақстанда волонтерлер слетін өткізді
12 маусым 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Ақ жол» Шығыс Қазақстанда волонтерлер слетін өткізді. А.ж. 8 маусымында Өскеменнің қасындағы Таулы Үлбі шипажайының базасында филиалдың төрағасы Талғат Құрманғалиевтің және маслихаттағы «Ақ жолдың» депутаттары Қуат Рахымберді мен Ерлан Нұрбаевтың бастамашылықтарымен «Ақ жол» ҚДП волонтерлерінің бірінші слеті өтті.
Слетке ЖОО, колледждердің, өңірлік мектептердің студенттерінің ішінен ҚДП-ның белсенділерінен 25-і қатысты. Бұл жастар партияның іс шараларының белсенді қатысушылары, олардың ішінде: олар Үлбінің жағалауын тазарту, «Ардагерді құттықта», ардагерлерді қамқорлыққа алу акцияларына қатысты, волонтерлік орталықтың қамқорлығында 22 ардагер қамтылып отыр.
Волонтерлік жұмысты ұйымдастыру жөніндегі үйрету семинары спорттық іс-шаралармен қатар жүрді.
«Біздің ұранымыз: «Айтылды-орындалды». Жақсы дәстүрлерді сақтап қана қоймай, одан әрі дамыту және күнделікті өмірге енгізу керек», - дейді Қуат Рахымберді.
Талғат Құрманғалиевтің пікірінше, мұндай слеттер дәстүрге айналып, Қазақстандағы волонтерлер қозғалысын, адамның негізгі қадір-қасиеті - қайырымдылық пен мейірімділікті одан әрі дамытуға мүмкіндік туғызатын болады.
Келесі слетті қыста өткізу жоспарланды.