12
Маусым

Санат жоқ 12.06.2013

Азат Перуашев Оңтүстік Қазақстаннан келген көп балалы батыр - аналарды қабылдады

12 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
Өткен жұмада «Ақ жол» ҚДП орталық аппаратының кеңсесінде Азат Перуашев Оңтүстік Қазақстаннан  келген көп балалы батыр-аналарды  қабылдады. Азат Перуашев өз сөзін, «Жұмақ ананың табанының астында» деген қазақтың мақалымен бастады. – Біз аналарымызды, олардың пікірлерін бағалауға тиіспіз, сіздер – біздің ар-ұятымызсыздар».
Көпбалалы аналар депутатқа: салынбаған жолдар, ауылдық мектептегі спорт залдардың жоқтығы, көп балалы отбасыларының тап болып жүрген қиыншылықтары, жұмыссыздық және ауылшаруашылығындағы  шешілмеген мәселелер туралы жергілікті әкімдікке талап тілектерін айтты.
Демократтар көшбасшысы батыр-аналарға  зейнетақыны реформалау жөніндегі «Ақ жол» партиясының ұстанымдары,  жеткілікті қамтамасыз етілмеген әйелдерге атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз ету және жүздеген дәстүрлі «әйелдер»  істейтін салалық кәсіпорындарды – ауыл шаруашылығында, қызмет көрсету саласында, жеңіл және тамақ өнеркәсіптерін кеңейтіп, мыңдаған  жаңа жұмыс орындарын құру туралы ҚДП-ның талаптары туралы айтып берді.
Қонақтар «Ақ жол» ҚДП фракциясының депутаттарына зейнетақыны реформалауға сыни қөзқарастары үшін алғыстарын білдірді. «Қазіргі заманда  ауылдық жерлерде зейнеткерлік жасы алдындағы әйелдер туралы айтпағанның өзінде, жастарға  жұмыс табу мүмкін емес», - деді олар және «Ақ жолдан» өз ұстанымдарында тұруды сұрады.
Сондай-ақ, Оңтүстік Қазақстанның алыс ауылынан келген Батыр-ана жаңа астананың сұлулығына тәнті болғанын жеткізді. «Демек, біздің балаларымыз өз елін, өздері салып жатса, онда біз осыншама жыл бекер еңбектенбеген екенбіз», - деді Жақсыкүл апа және барлық қатысып отырғандардың атынан  Азат Перуашевті олардың ауылына келуге шақырды.
Азат Перуашев аналарды «Ақ жол» ҚДП кездесудің  қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер туралы тәсілдеме дайындайтын болады деп  сендірді. «Біз - сіздердің ізбасарларыңызбыз және сіздердің қазіргі тәуелсіз Қазақстанды құрудағы еңбектеріңізді және қосқан үлестеріңізді бағалаймыз, - деді ол. Астананың әрбір зәулім ғимаратында сіздердің  де еңбектеріңіздің кірпішінің бір бөлшегі бар».
«Ақ жол» ҚДП фракциясы қарапайым қазақстандықтардың мүдделерін қорғау бойынша жұмысын жалғастырады.