А.ж. 12 маусымда Мәжілістің пленарлық отырысында Парламентке кері қайтарылған зейнетақыны реформалау туралы заң жобасы бойынша Азат Перуашевтің сөйлеген сөзі
Құрметті Нұрлан Зайруллаұлы! Құрметті әріптестер!
«Ақ жол» парламенттік фракциясы зейнетақы жүйесі туралы жаңа заңды қуаттап, қолдай отырып әуел бастан үкіметке зейнетақы реформасының кейбір қырларын тереңірек қайта қарауды талап ететіндігі туралы атап көрсеткен.
Мәселен, біз Үкіметтен зейнетақы күн көрудің жалғыз көзі болып табылатын, аз қамтамасыз етілген әйелдерге атаулы әлеуметтік көмек көрсетуді қамтамасыз етуді, сондай-ақ ауыл шаруашылығы, тамақ және жеңіл өнеркәсіптері сияқты экономиканың дәстүрлі әйелдерге икемделген салаларында жұмыс орындарын құру бойынша шаралар қабылдауды талап еткенбіз.
Мәжілісте қарау барысында және дауыс беру кезінде фракция депутаттары қолдамаған, осы үкіметтік редакциядағы заң жобасы туралы мен ғана айтып қойғаным жоқ, менің «Ақ жол» партиясының фракциясы бойынша серіктестерім де бірнеше рет айтқан болатын.
Мемлекет басшысының зейнетақы жүйесін жаңғыртуды жүзеге асыруда Үкімет пен Парламенттен қарапайым қазақстандқтардың мүдделерін толық ескеруді талап еткен пікірімен депутаттық корпустың ұстанымының сәйкес келтіндігін біз де атап өтеміз.
Сондықтан, біздің фракция Президенттің зейнет жасын кезең-кезеңмен ұзартуды 2014 жылғы 1 қаңтардан емес, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастаудағы ұсынысын бірауыздан қолдайды. Сондай-ақ, біз жұмыс жасайтын әйелдер үшін бала туу және бала күтімі демалысы кезеңінде мемлекет есебінен міндетті зейнетақы жарналарымен қамтамасыз ету бойынша бастамасын да қоштаймыз. Жұмыс берушілерден өз қызметкерлерінің пайдасына қосымша 5 пайыздық міндетті аударымдар жасауды енгізу және кәсіби міндетті зейнетақы жарналарының мөлшерлемелерін кезең-кезеңімен тағы да 5 пайызға ұлғайтылуы, ол жұмысберушілердің өз қызметкерлерін әлеуметтік қорғау деңгейі үшін жауапкершлігін арттырады.
Жоғарыда айтылғандарды негізге ала отырып, Президенттің редакциясындағы заң жобасы мақұлдауға лайықты деп есептеймін, Үкімет заң күшіне енгенге дейін, Мемлекет басшысының бастамаларының іске асырылуын қамтамасыз ететін заң жобаларын дайындап еліміздің парламентіне енгізуі тиіс.
Қолдауларыңызды сұраймын.