07
Маусым

Азат Перуашев: Ақылы автожолдарды басқару жөніндегі АҚ құра отырып, біз мемлекеттік қызметтерде және мемлекеттің есебінен сауда жасайтын кезекті алпауытты дүниеге әкелеміз

7 маусым  2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
- «Ақылы автожолдарды басқару жөніндегі АҚ құра отырып, біз мемлекеттік қызметтерде және мемлекеттің есебінен сауда жасайтын кезекті алпауытты дүниеге әкелеміз» - бұл туралы «Ақ жол» партиясының көшбасшысы Азат Перуашев сәрсенбіде Мәжілістің пленарлық отырысында автожол саласын реформалау туралы заң жобасын талқылау барысында мәлімдеді.
Осы заң жобасымен Қазақстанда ақылы жолдарды енгізу және республикалық деңгейдегі автожолдарды арнайы құрылған «Республикалық автокөлік жолдарын басқару жөніндегі ұлттық оператор» АҚ-на (Қазавтожол)  беру қарастырылған. Жоба бірінші оқылымда талқыланды.
Талқылау барысында  демократтар көшбасшысы Көлiк және коммуникация министрлiгiнің өкілінен, жобаны дайындаушылардың осы заң жобасы бірқатар мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлықтық әрекеттердің пайда болуына жағдай жасайды деген сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың принципті ескертулерін неге ескермегенін білгісі келді.
Мәселен, ақылы жолдарды осы АҚ-ның басқаруына беру бойынша жол ақысын төлеуден жалтарғандары үшін әкімшілік жауапкершілік енгізіледі.
 - Сіздің АҚ мемлекеттік орган емес, демек бұл сотта шешілетін азаматтық-құқықтық қатынастар. Шаруашылық жүргiзушi субъектiлердің арасындағы дауларға, алдын-ала олардың біреуін жақтап, онымен қоса оның қарсы-әріптесіне әкімшілік санкцияларын қолданып, мемлекеттің араласқанын қайдан көрдіңіз? – деп ашынды Азат Перуашев. Бар қиындық мынада, біз жеке бизнесті ысыра отырып, бірінен кейін бірі жаңадан квазимемлекеттік құрылымдарды көбейтіп келеміз. Әрбір министрліктің жанынан ЖШС және АҚ құрғанымыз аздай, енді оларға тағы мемлекеттік қызметтерді де жүктейміз.
 - Әкімшілік жауапкершілікке тарту, айыппұлдар салу осы коммерциялық кәсіпорынға (Қазавтожол АҚ) мемлекеттік бақылаудың міндеттерін беруді білдіреді, ал бұған тікелей заңдармен тиым салынған – деп толықтырды ол.
Депутаттың сынына ұшыраған тағы бір сәт, ол заңдағы ақылы жолдар бойынша  жол ақысын төлеу ережесін бұзғаны үшін айыппұлдардың өрбуі болды.
- Сіздерде неге айыппұлдар транспорттың түрі бойынша емес, ал меншіктің түрі бойынша өрбиді? Жүріп өткен автокөліктің, егер оның салмағы бірдей болса, оның кімге - заңды тұлғаға ма, ЖК немесе ЖШС-ке тиесілі ме, жол жабындылары үшін қандай айырмашылығы бар? Өйткені, бізде Конституция бойынша меншіктердің барлық түрлері бірдей қорғалады емес пе.
Алайда, айтылған жауаптар А.Перуашевтің және оның фракция бойынша әріптестерінің көңілдеріндегі күмәнді сейілте алмады. Оның үстіне, сол елді мекендердің аумағы бойынша басып өтетін автобанды, сол жердің тұрғындарының ақысыз пайдалануы туралы мәселе ашық күйінде қалып отыр.
 - Заң дайындаушылармен ұсынылған бір ауданның шеңберінде ақысыз жүріп тұру мәселелерді шешпейді. Жергілікті тұрғындар өзінің туған ауылына жүріп өту құқығы үшін ақы төлеуге мәжбүр болғаны ма? Сапалы жол үшін төлеу керектігі түсінікті, алайда автобанмен айына бір-екі рет қолдану бір бөлек те, ал күн сайын жай ғана жұмысқа немесе институтқа бару үшін ақы төлеу мүлде басқаша. Оның үстіне, сіздер ақысыз жүру үшін  баламалы жолдарды қалдырудан бас тарттыңыздар, және адамдардың басқа таңдауы жоқ. Ал ауылдағы табыстың қандай екенін өздеріңіз де білесіздер – деп есептейді «Ақ жол» партиясында.
Демократтар фракциясы дауыс беру барысында көрсетілген заң жобасын қолдамады.