Азат Перуашев Economic Freedom Award Экономикалық бостандық Халықаралық сыйлығымен марапатталған
22 мамыр 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
Азат Перуашев Economic Freedom Award 2013 жылғы Экономикалық бостандық Халықаралық сыйлығымен марапатталған.
Сыйлықтың құрылтайшысы Даму және Экономикалық саясат институтымен (IDEA) бірлесе шетелдік серіктестіктер - Freidrich Naumann Foundation (Германия), Heritage foundation и Atlas Ecinomic Research foundation (АҚШ) болып табылады.
'Біз Сізге парламенттік, сондай-ақ қоғамдық қызметтегі экономикалық бостандықты және нарықтық қатынастарды қорғау бойынша жүйелі әрекеттеріңізге және бастамаларыңызға алғысымызды білдіреміз', - деп атап өтті, сыйлық құрылтайшылары 'Ақ жол' парламенттік фракциясы жетекшісі Азат Перуашевтің атына жіберген құттықтауында.
Институтпен жарияланған ақпараттық хабарламада Азат Перуашевтың парламенттік тергеу енгізу туралы, Парламенттің бақылау функцияларын күшейту және ҚР ҚК 192-бабының (Жалған кәсіпкерлік) күшін жою бойынша белсенді жұмысы және адал контр-серіктестіктердің мүдделерін қорғау бойынша өзгерістер енгізу бойынша бастамашылдықтары атап көрсетілген.