04
Сәуір

Санат жоқ 04.04.2013

Депутат Нұрлан Жазылбеков Қостанай облысында сайлаушылармен кездесулер өткізуде

4 сәуір 2013 жыл, Қазақстанның «Ақ жол»  демократиялық партиясының баспасөз қызметі
        
 «Ақ жол» ҚДП фракциясы депутатының Рудный қаласының әкiмі Бақытжан Гаязовпен кездесуі барысында шағын және орта бизнестi дамыту, зейнетақымен қамтамасыз ету және бұл сала бойынша болатын өзгерістер жайлы тақырыптар көтерiлді.
Кейінірек, Нұрлан  Жазылбеков партияның Қоғамдық қабылдауында азаматтарды қабылдады.  Қабылдауда болған оралмандар 2014 жылға дейiн тұрғын үй квотасын жоюдан туындаған баспана проблемалары туралы айтты.
Президенттiң халыққа Жолдауына түсiнiктеме беру шеңберiнде депутаттың Рудный Индустриалды институтының оқытушыларымен және студенттерімен кездесуі күн тәртiбiнің үшiнші тармағы болды. Студенттерді қызықтырған білім алуды одан ары жалғастыру, оның сапасы, оқудың бағасының көтерілуі туралы сұрақтар болды. Бұл оқу орны еліміздің солтүстік аймағында 50 жылдан астам,  кең тау өңдірісі, энергетика және құрылыс кешені,  инженерлік кадрды дайындау  орталығы болғанын атап өту қажет. Институт заманға сай еңбек нарығында  басты позицияға, экономикасының интегралданған  секторына  ұмтылуға, техникалық жоғарғы оқу орнына айналуға ұмтылуда.
Оқу орнының басшысы білім саясатының және  білгір саясат арқасында оқу орнының басшысы  сапалы менеджмент жүйесінің арқасында бүгінгі таңдау мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде оқу бітірушілердің 99% жұмысқа орналасуда. Бұл Институт жоғарғы оқу орнының жүйесіне  қазіргі стандартқа сай келеді.
Нұрлан Жазылбеков сайлаушыларды қазақстандықтардың, оның ішінде жас ұрпақ өкiлдерiнің мүдделерін қорғау бойынша партияның қызметi туралы хабардар етті. Депутат, жуырда білім министрлігімен мәлімделген жеке жоғары оқу орындарының және олардың студенттерінің құқықтарына шек қоятын жоғары білім нарығын қайта бөлуге «Ақ жол» фракциясының қарсы шыққаны туралы айтып берді.   Көп кешікпей бастама жарияланғаннан кейін,  ЖОО-ның меншiк түріне қарамай сапалы жоғары бiлiмді қолдағаны үшін фракция жетекшісі Азат Перуашев Орталық Қазақстанның  педогогтары мен студенттерінен алғыс хат алды.
Депутат кездесу соңында, сайлаушыларды «Ақ жол» парламенттiк фракциясы сайлауалды тұғырнамасын орындау және мемлекеттiк органдарда сайлаушылардың мүдделерін қорғау бойынша  жұмыстарын жалғастыра береді деп сендірді.