03
Қараша

Мәлік Нұржанұлы және облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлының қатысуымен кездесуі өтті

3 қараша 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

Бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі Мәлік Нұржанұлы және облыс әкімінің орынбасары Мейірлан Ақылбекұлының қатысуымен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жолдауын талқылауға арналған жастар кездесуі өтті.

Осы маңызды жиынға «Ақ жол» демократиялық партиясы Абай облыстық филиалының Жастар кеңесі белсенді қатысып, өзекті мәселелер бойынша пікір білдіріп, нақты ұсыныстарын ортаға салды.

Партия жастары елдің даму бағыты, кәсіпкерлікті қолдау және жастар саясаты жөнінде өз ойларын ашық жеткізді.

Кездесу — жаңа идеялар мен бастамаларға жол ашқан нағыз диалог алаңы болды.