22 сәуір 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
Кездесу барысында спикерлер қолданыстағы мемлекеттік гранттар,
бағдарламалар туралы айтып берді. Қатысушылар өз мысалында іске асырылып жатқан
жобалар, бизнес-идеялар туралы ақпаратпен бөлісті, пряник дайындау бойынша
мастер-класс өтті.
Өз сөзінде «Ақ жол» демпартиясы
Павлодар облыстық филиалы төрағасының орынбасары Дмитрий Корепанов аналармен
әлеуметтік кәсіпкерлік, оның дамуы туралы әңгімелесті. Партияның облыстық
филиалымен бизнес-жоспарлар құру, бизнесті дамыту стратегиясын талқылау,
Павлодар қаласының «Ерекше балалар одағы» РҚБ мүшелері үшін және барлық ниет
білдірушілер үшін бизнесті қолдау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды
таныстыру мәселелері бойынша семинар өткізуге қатысты өзара іс-қимыл туралы
уағдаласты. Әкелермен жұмыс туралы мәселені қозғады.
“Ақ жол” партиясының Абай облыстық филиалы жастардың осындай бастамаларын
әрдайым қолдайды және болашақта да қолдау көрсетуге дайын.