13
Наурыз

МӘМС қорының жұмысы – түбі жоқ "қара тесік" - inbusiness.kz

https://inbusiness.kz/kz/last/mams-korynyn-zhumysy-tubi-zhok-kara-tesik

Халық қалаулылары МӘМС жарнасы салықтың қосымша түрі деген пікірде.

Мәжіліс депутаты Ержан Бейсенбаев медициналық сақтандыру жүйесінің жұмысын сынға алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Медициналық сақтандырудың қолданыстағы моделі экономиканың барлық қағидатына қайшы келеді. Өз денсаулығы үшін дербес жауапкершілікті және емделуге дербес жинақтарды қамтымайды. Адам өз денсаулығына қалай қарайтынына қарамастан төлеуге міндетті болып шығады. Яғни, жаман әдеттері жоқ, спортпен шұғылданатын және аударымдарын емдеуге жұмсамайтындар денсаулығына мән бермейтіндер, темекі шегетіндер, ішетіндер және одан үнемі дәрі-дәрмектер мен дәрігерлерге ақша жұмсайтындармен бірдей төлеуі керек. Қарттарға, мүгедектерге және төтенше жағдайларға қатысты ынтымақты қағидат жұмыс істеуі керек екені түсінікті", - деді депутат.

Сөзінше, адамдар медициналық көмекке жүгінбестен ай сайын ӘМСҚ-ға төлейтін ақшасы үшінші тұлғалардың медициналық қызметін төлеуге кетеді.

"Сондай-ақ Қор оны өз қалауы бойынша пайдаланады. Ақиқатында бұл сақтандыру емес, салықтың қосымша түрі. Бірақ салықтарды ашық түрде пайдалану керек, ал МӘМС қорының жұмысы – бұл бір үлкен жұмбақ және бір үлкен түбі жоқ "қара тесік". Мұндай жағдайларда алдыңғы жүздеген миллиардтардың қалай және неге жұмсалғанын түсінбей тұрып, қорға төлемдерді 5 есе арттыру қоғам үшін тым қымбат, бизнеске шамадан тыс жүктеме", - деп жалғастырды ол.

Мәжілісмендер МӘМС төлемдерін арттырудан бас тартуды, медициналық сақтандыру жүйесін монополиясыздандыруды ұсынып отыр.