15 маусым 2023 жыл, «Ақ жол» демоератиялық партиясының баспасөз қызметі
Бүгін «Ақ жол» фракциясының депутаттары Қарағанды облыстық мәслихат депутаттарының өтініші бойынша аймақтағы «Таңшолпан», «Әсем», «Үміт» мүгедектердің ерікті бірлестігі ҚБ» мен ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығының тәрбиеленушілері үшін Мәжіліске экскурсия ұйымдастырды. Қалыптасқан өмірлік жағдайларына қарамастан балалар мақсатшыл, жақсыға жандары құштар.
Олардың қатарында орталық президенті Наташа Савинова, жүзуден пара-Азиялық ойындардың чемпионы Роман Потапов, «Жас Қанат» өзін-өзі басқару орталығының әкімі Лилия Коровянская, қатерлі ісікке шалдыққандар құқығының жас қорғаушысы Аңсар Рахымбаев бар.
Қонақтар депутаттардың кабинеттерімен танысып, Парламент палаталарының бірлескен отырыстары залындағы орындықтарға отырды. Мүгедектерге арналған санаториялық-курорттық емдеу («бұл – қажет!»), мектептердегі оқу жылын ұзарту («неге бізден сұрамады?»), ЖОО оқу гранттары («қажетті балл жинасам жа, грант берілмеді»), «Отбасы» банктің жұмыс істейтін жастарға қатысты саясаты («Үш жыл жұмыс істеп, тұрақты жарна салып отырсам да, жастар ипотекасын алу өте қиын») сияқты бірқатар маңызды мәселелер көтерілді. Сондай-ақ, Қаңтар оқиғасынан алынған сабақтар, сыбайлас жемқорлық т.б. секілді тақырыптар қозғалды.
«Ақ жол» демпартиясының төрағасы Азат Перуашев әріптестері Асқар Садықов пен Ержан Бейсенбаев бірге көтерілген сұрақтарға жауап беруге тырысып, фракция туралы, заң жобасы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, соның ішінде, кеше екінші оқылымда қабылданған заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заңдар мен Ұлттық қордың инвестициялық кірістерін жас қазақстандықтардың жеке шоттарына аудару туралы айтты.
Азат Перуашев бірқатар мәселелер бойынша маслихаттағы әріптес-депутаттардан жазбаша өтініш жолдауды өтінді және жеке қарастырып, айналысатынын жеткізді.
- «Ашық, жайдары, емен-жарқын жас достарға өмір жолында сәттілік тілеймін! Осы шараға бастамашы болған «Ақ жол» партиясынан сайланған Қарағанды облыстық маслихатының VII шақырылым депутаты Марина Шиллерге алғыс айтамын!», - деді партия лидері Азат Перуашев.