21 сәуір 2025 жыл, Абай облыстық филиалы
2025 жылдың 18-20 сәуірі аралығында Ташкент қаласында өткен Азия және Океания
чемпионатында самбо күресінен шеберлер арасында өткен жарыста Абай облысы,
Жарма аудандық мәслихатының депутаты, “Ақ жол” демократиялық партиясының мүшесі
Қарақанов Марат еліміздің абыройын асқақтатып, 1-орынды жеңіп алды!
Бұл тек спорттық жетістік емес, сонымен қатар ел мен жерге деген адал
қызметтің, ерік-жігер мен табандылықтың үлгісі.
Халық қалаулысы бола тұра, спортта да биік белестерді бағындыру – нағыз
жан-жақты тұлғаның бейнесі!
Марат Қарақановты шын жүректен құттықтаймыз! Алдағы уақытта да деніңізге
саулық, жеңістеріңізге жеңіс тілейміз!