16 ақпан 2025 жыл, Павлодар облыстық филиалы
Павлодар ауданының Новочерноярка ауылында мұздан жылтыр қармаққа балықты
аулау бойынша X Черноярск кубогы өтті.
Іс-шараның ұйымдастырушысы Павлодар облысы балық аулау федерациясының
қолдауымен “Ақ жол” Қазақстан демократиялық партиясының Павлодар облыстық
филиалы болып табылады.
Турнирге Павлодар Ертіс өңірінің қалалары мен аудандарынан 16 команда
қатысты. Командаларда жастарды, әйелдерді, әуесқойлар мен спортшыларды, өңірдің
кәсіпкерлерін көру қуантады. Мәре ысқырығынан кейін қатысушыларды палау мен
ыстық шай күтіп тұрды.
Марапаттау рәсіміне Павлодар ауданының әкімі Д.Е. Ибраев, “Ақ жол” ҚДП
облыстық филиалының төрағасы Рүстем Смағұлов қатысты.
Жарысқа қатысушылар дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды, ешкім
сыйлықсыз қалмады!