12 шілде 2022 жыл, «Ақ жол» демократиялық партиясының Атырау облыстық филиалы
«Ақжолдық» депутат Серік Ерубаевтың іссапары Исатай ауданында жалғасты. Алдымен аудан дәрігерлерімен кездесіп, атқарған жұмысына, сондай ақ елдегі жаңа Қазақстанды қалыптастыру жайына тоқталды.
Кездесуде дәрігерлер ауруханаға арнайы жабдықталған жедел-жәрдем (реанимобиль) көлігімен қамтамасыз етуді сұрады. Оған қоса аудан тұрғындары Аққыстау-Тұщықұдық ауылындағы жол мәселелерін көтерді. Жол құрылысын салушылар мен мердігерлер оған мән беретіндіктеріне тоқталып, жол жобасына жедел өзгерістер енгізетіндіктерін айтты.
Шара соңында медицина қызметкерлеріне «Ақ жол» партиясының арнайы «Жанқиярлық күресі үшін» медальі мен Алғыс хаттар табысталды. Бұдан кейін депутат С.Ерубаев Атырау-Астарахань автожолының мердігер компания өкілдерімен кездесіп,жол құрылысы мәселелерін талқылады.