Ақтөбе қ., 2026 жылғы 5 қаңтар
2026 жылғы 5 қаңтарда ҚР Парламенті Мәжілісінің Төраға орынбасары Дәния Еспаева Ақтөбе қаласындағы Ұлттық банк ғимаратында екінші деңгейлі банктердің, микроқаржы ұйымдарының және сақтандыру компанияларының басшыларымен кездесу өткізді.
Кездесу
барысында Дәния Еспаева 2025 жылы Мәжіліс қабылдаған заңдарды түсіндірді. Ол
биыл Палатада 100 заң қабылданып, оның 24-не депутаттар бастамашы болғанын атап
өтті. Сондай-ақ Су, Бюджет, Салық, Құрылыс және Цифрлық кодекстер бойынша
жұмыстар аяқталғанын және қиын қаржылық жағдайдағы азаматтарды қолдауға
арналған нормалар енгізілгенін айтты.

Банктер мен қаржы секторындағы қатысушыларға Дәния Еспаева банктерге қатысты заңдардың негізгі жаңалықтарын түсіндірді. Жаңа Банктер туралы Заң банктер секторын экономиканы қаржыландыруда күшейтуге, бәсекелестікті арттыруға, финтехті дамытуға және цифрлық активтер айналымын либерализациялауға бағытталған.
Депутаттар
енгізген түзетулер бойынша: бастапқы шоттар тек клиенттің биометриялық
сәйкестендіруден өткеннен кейін ашылады, бір жеке тұлғаға бірнеше банктен
кредит алуға шектеу қойылады, кредиттік өтінімдерді Антифрод-орталық арқылы
бақылау күшейтілді, борышы 1600 АЕК дейінгі азаматтар үшін жеделдетілген соттан
тыс банкроттық енгізілді, коллекторлық агенттіктерге борыштарды сатуға
мораторий 2027 жылғы 1 мамырға дейін ұзартылды, сондай-ақ ұжымдық берешекті
реттеу платформасы мен стратегиялық крипто резерві құрылды.
.jpeg)
Сақтандыру
саласында Дәния Еспаева депутаттар бастамасымен енгізілген автокөлік иелерінің
азаматтық-құқықтық жауапкершілігіне қатысты заң жобаларын таныстырды.
Депутаттар бастамалары бойынша жол-көлік апатынан зардап шеккендердің өмірі,
денсаулығы немесе мүлкіне келген зиян үшін төленетін сақтандыру сомалары
ұлғайтылмақ. Сондай-ақ сақтандыру компанияларының өкілдерімен тұрғын үйлерді
табиғи апаттардан міндетті сақтандыру енгізу мәселесі талқыланды.
