24 тамыз 2020 жыл, «Ақ жол» Демократиялық партиясының баспасөз қызметі
«Нұрлы жол» кеден бекетінде проблемаларды жою жұмыстары басталды. Бұл туралы Азат Перуашевке қоңырау шалған ҚР Индустрия және инвестициялық даму министрінің орынбасары Берік Камалиев хабарлады. Вице-министр ҚР Премьер-Министрінің тапсырмасы бойынша «Нұрлы жол» бекетіне барып, кедергілерді жою жұмыстарына кіріскен. 500-ден астам жүк көліктері кезектен алынып, темір жол арқылы тиеу үшін ҚТЖ-ның портына ауыстырылған. Сондай-ақ Қытайға кірмей уақытша сақтау қоймалары арқылы жеңілдету шаралары да қарастырылып жатқанын айтты. 1 қыркүйектен электрондық кезек іске қосылады. Оған дейін "итергіштердің" кезексіз өткізу жемқорлығын болдырмау мақсатында жүргізушілердің қатысуымен бастамашыл топ құрылды, "Қазавтожол" өткізу бекетіне жүк көліктерін тек осы топпен келісе отырып өткізу тапсырылды. Панфилов ауданының әкіміне барлық меморгандардың жұмысын үйлестіру өкілдігі берілді. Кәсіпкерлердің жол полициясының қызметін асыра пайдалану фактілері бойынша ІІМ басшылығына басқа бөлімдер арқылы бақылауды күшейту жөнінде тапсырма берілді. Премьер-министр А.Мамин жағдайды бақылауда ұстап отыр.
Еске сала кетсек, Азат Перуашев 15 тамыз күні кәсіпкерлердің өтініші бойынша Алматы облысына қазақ-қытай шекарасында орналасқан «Нұрлы жол» кеден бекетіне (бұрын Хоргоста тұрған) барып қайтты.
Сыртқы экономикалық қызметтің қатысушылары кәсіпкерлер хабарлағандай, бекет алдында 50 шақырымға созылған 2,5 мың жүк көлігінің кезегі қалыптасқан, кейбір жүк көліктерінің кезекте тұрғанына 40 күннен асқан. Жүк көлігінің жүргізушілері жол полициясы қызметкерлерінің ішінде «көмектесіп» жіберетіндер кезектен бұрын өткізуге «көмектескені» үшін олардың заңсыз «бағасы» 1-3 мың АҚШ долларын құрайтынын айтқан болатын.
Жергілікті әкімшілік пен СЭҚ қатысушылары орталық деңгейде шешуді қажет ететін мәселелерді айтқан болатын. Қордаланған мәселелерді бірнеше бағыт бойынша, қытай жағымен қосымша өткізу бекеттерін ашу жөнінде келісуді, қытай жағынан қоймаларға тауарлардың тез жеткізілуін, Қазақстан жағында жүкті бірмезгілде (СВХ күштерімен) жүк көліктеріне тиеуді ұйымдастыруды, ҚТЖ және МЦПС мүмкіндіктерін іске қосуды, бекеттің ашық жұмысы үшін электрондық кезек енгізуді шұғыл шешу қажеттігі айтылған болатын.
20 тамызда Азат Перуашев «Ақ жол» партиясы атынан тиісті үндеуді Үкіметке жолдады.
«Ақ жол» Демократиялық партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасын жүзеге асыру және өз сайлаушыларының мүдделерін қорғау жөніндегі жұмыстарды жалғастыруда.