19
Наурыз

Наурыз мейрамын дәстүрлермен жаңғырту: Жарма ауданында ұйымдастырылатын іс-шаралар

19 наурыз 2025 жыл, Абай облыстық филиалы

“Ақ жол” демократиялық партиясынан сайланған Абай облысы Жарма аудандық мәслихатының депутаты Қарақанов Марат, қоғам мүшелері мен мекеме басшыларымен бірге Наурыз мейрамын өткізудің жоспарларын талқылау мақсатында кездесу өткізді. Кездесу барысында 21 наурыз күніне арналған іс-шаралар туралы кеңінен ақылдасып, жарыстар мен ұлттық дәстүрлерді жаңғырту үшін киіз үй тігу, ұлттық тағамдар мен салт-дәстүрлерді насихаттау секілді бастамалар қарастырылды.

Бұл іс-шаралар халықтың рухани жаңғыруына, ұлттық құндылықтарды сақтау мен насихаттауға зор үлес қосатындығы сөзсіз. Қатысушылардың пікірінше, Наурыз мейрамы – халқымыздың салт-дәстүрін сақтау және ұрпаққа жеткізу үшін ерекше маңызға ие. Сондай-ақ, жастарды өздерінің тарихына, мәдениетіне құрметпен қарауға тәрбиелейтін осындай шаралар ауданымыздың әлеуметтік өміріне жаңа леп қосатынына сенім білдірілді.

Алдағы Наурыз мерекесін осындай мазмұнды әрі мағыналы етіп өткізу үшін барлық шаралар атқарылатын болады. Барша жұртшылықты Наурызды атап өтуге шақырамыз!