05
Шілде

Нұрғиса Тлендиев атындағы ауыл белсенділерімен кездесу өтті

5 шілде 2025 жыл, Алматы облыстық филиалы

Алматы облысы, Қонаев қаласында “Ақ жол” демпартиясының облыстық филиалында Іле ауданының Караой, Н.Тлендиев атындағы ауыл белсенділерімен кездесу өтті. 2022-2025 жылдары аралығында осы екі ауыл аумағында “Сібір жарасы” көмінділері орналасқаны туралы мәліметтер тарап, жаңадан ауылдардын кестесі сызылып ауыл тұрғындарын біраз әбігерге салғаны бәрімізге мәлем. 1025 үйді сүріп тастауға прокуратура  рұқсат берген, халық арасында резоронс тудырғаны туралы жазғанбыз. Ауыл тұрғындары облыстық “Ақ жол” партиясы филиалына осы мәселе бойынша жүгіңген еді.  Қазірғі уақытта, осы мәселелердін көптеген шешімі табылды. Осы күрделі мәселені шешуге ҚР Мәжілісінің Парламент депутаты “Ақ жол” демпартиясының фракциясының депутаты Бейсембаев Е.А еңбегін атап өткеніміз жөн. Енді бүгін біз облыстық “Ақ жол” демпартиясының филиалының атынан осы мәселе төңірегінде белсенді жұмыс жасаған ауыл тұрғындарына “Алғыс хат” табыстадық.