20 маусым 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясының Қызылорда облыстық филиалының қабылдауына
түскен арыз негізінде облыстық филиал заңгері Н.Амангелдиев партиялық бақылау
жүргізу үшін қаладағы Б.Шөкенов атындағы саябаққа (демалыс паркі) барды. Арызда
көрсетілгендей саябақтағы қоғамдық әжетхананың үнемі жабық тұрағындығы және
саябақ ішіндегі арықтардың уақытылы
суарылмайтындығы анықталды.
Зерттеу нәтижесі бойынша қаланың жауапты мекеме мен құзырлы органдарына
депутаттық сауал әзірленетін болады.

