29 мамыр 2025 жыл, Қызылорда облыстық филиалы
"Ақ жол" партиясы Қызылорда облыстық филиалының заңгері Нұрлыбек
Амангелдиев ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Қызылорда бойынша
департаментінің жанындағы кедергілер кеңесінің кезекті жиынына қатысты.
Кезекті жиында салық заңнамасындағы, құрылыс нарығындағы, медициналық жеке
ұйымдарды тексеру кезіндегі кедергілер қаралды.
Жиын барысында күн тәртібіндегі мәселеге сәйкес Қызылорда облысы
көлеміндегі заңды тұлғаларға салық заңдылығында белгіленген тәуекелдерді
басқару жүйесі бойынша негізсіз қойылған жоғары тәуекелдік дәрежесі жағдайы бойынша филиал заңгері
Н.Амангелдиев “Ақ жол” партиясының ұстанымы мен салық төлеушілерге белгісіз,
жасырын критерилерді алып тастау жөніндегі үкімет алдында үнемі көтеріп жүрген
жұмыстарын жеткізді.
