11 қыркүйек 2025 жыл, Шығыс Қазақстан облыстық филиалы
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінде облыс басшысы Нұрымбет Сақтағановтың
төрағалығымен өткен жұмыс кездесуінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың
«Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі
цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында қойылған
міндеттерді өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды.
Кездесуге қоғам белсенділері, мемлекеттік мекемелердің басшылары, мәслихат
депутаттары және партия өкілдері келді.
«Ақ жол» демократиялық партиясының атынан отырысқа ШҚО филиалының төраға
орынбасары Меруерт Смағұлова қатысты.
Кездесуде инвестиция тарту, өңдеуші өнеркәсіпті дамыту, ауыл шаруашылығын
жаңғырту, туризм мен көлік инфрақұрылымын жетілдіру, тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылығын және су жүйесін модернизациялау сияқты басым бағыттар аталып өтті.
Сонымен бірге, барлық саланы қамтитын цифрландыру мен жасанды интеллектіні
дамыту негізгі басымдық ретінде белгіленді.
«Жасанды интеллект дәуірінде Шығыс Қазақстан жаңа технологияларды жедел
енгізіп, білім, ғылым, кәсіпкерлік пен ауыл шаруашылығына серпін беруі тиіс.
Президент Жолдауында айтылған міндеттерді орындау – біздің ортақ
жауапкершілігіміз
Біздің облыс үшін цифрландыру ерекше мүмкіндіктер ашады. Өйткені ШҚО қуатты
өнеркәсіптік базаға, агроөнеркәсіп кешеніне, медициналық және білім беру
ұйымдарына ие. Дәл осы салаларда жаңа технологиялар ең жоғары нәтиже бере
алады.
«Ақ жол» партиясы аймақтың әлеуетін тиімді пайдалана отырып, кәсіпкерлер
мен жастардың инновациялық бастамаларын қолдауды маңызды деп санайды.», – деді
Меруерт Смағұлова.




